Жезқазған тұрғындары нанның 150 теңгеден сатылып жатқанына ашынды
Жарияланған күні:
Жезқазған тұрғындары ас атасы нанның 150 теңгеден сатылып жатқанына ашынды деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
«Қарағанды облыс орталығы ғой. Ол жаққа жиі барамыз. Сонда қарап отырсаң, ол жақта нанның бағасы арзан. Ал бізде неге нанның бағасы 100 теңгеден асады. Бұл қымбат», - дейді қала тұрғыны Гүлшат Жұмағұлова.
Дүкен сатушылары келген бағаның үстіне қосарымыз бар дейді. Оны жасырмайды. Бірақ оларға да ас атасы 140 теңгемен келетін көрінеді.
«Наубайханадан 140 теңгеден келеді. Біз 150 теңгеден сатамыз. Онда жоғары сұрыпты ұн қолданылады. Ешқандай қоспасы жоқ. Сондықтан да ол қымбат» - дейді сатушы.
Ал жергілікті әкімдіктегілер баға туралы бірінші рет естігендей болды. Бұл салаға жауап бермесе де, шенеунік қымбатшылықтың барына сенбейтінін көрсетіп қалды.
«Нан 130 теңге тұрады! Қай жақта 130 теңге? 105 теңге ғой! Жоқ, жүріңіз, балалармен бірге алып барайын, көрсетемін!», - дейді ол.
Айта кетейік, Астанада халық көп тұтынатын әлеуметтік нан бағасы 70-75 теңге. Ақтөбеде де сондай. Өскеменде 80 теңгенің айналасында.
Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Тағы оқыңыздар:
Қожамжаров: Әбілязов пен Храпуновтың жазасын береміз
Қазақстанның Бас мүфтиі қызметінен кетті (фото)
Шымкенттік әйел шиіттей бес баласын күйеуіне тастап, үйінен қашып кеткен (фото)
18 жастағы атыраулық бойжеткен түрік танысын оңбай алдап, әмиянын ұрлап кетті
Күні кеше некесін қидырған Баян мен Тұрсынғали қонақүйде романтикалық кеш өткізді (фото)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1699938-zhezqazghan-turghyndary-nannynh-150-tenhgede/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.