Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сегіз жастағы ұл баланы зорлады деп айыпталған 10-сынып оқушысы жазадан құтылып кетті

Опубликовано:

Шымкенттің қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 8 жастағы ұл баланы зорлады деген 10-шы сынып оқушысына қатысты ақтау үкімін шығарды деп хабарлайды 31-арна.

Сот тергеу мен айыптау органы алқа билерге күдіктінің кінәсін дәлелдеп бере алмады деп отыр. Ал үкімге үзілді-кесілді қарсы жәбірленуші тарап болса, буыны қатая қоймаған баламыздың жүйкесін зақымдағаны өз алдына, «сегіз жастағы балаға зорлық-зомбылық жасаған кінәлінің бостандықта жүруі қоғамға қауіпті», - дейді.

Баламызға бір емес, екі мәрте күштеп зорлық жасалды деген отбасы, жаға ұстатар сұмдық оқиғаны ести сала, полицияға арыз түсірген. Айтуларынша, артқы өрісіне зақым келгені бірнеше сараптамамен дәлелденген. Бір рет зорлық болды деп жүрген арызданушылар, жағдайдың екі мәрте қайталанғанын күдіктінің өз аузынан естіп-білген. Тергеуде келтірілген сансыз дәлелді соттың есепке алмауы, еңсемізді түсірді деп отыр.

"Қазір інім осы жағдай болғалы бері адамның бетіне қарап сөйлей алмайды. Спокойно, ашық-жарқын жүре алмайды. Психолог мамандармен жұмыс істеп жатырмыз. Ары-бері апарып, қаратып денсаулығына байланысты. Қазір сабаққа баруды да қойды", - дейді жәбірленушінің ағасы.

Оқиға әсіресе, баланың анасына ауыр тиген. Ұл балаға қатысты жыныстық қатынас дегенді өмірде бірінші естуім, - дейді. Кінәлі азаматты қылмыстық жауаптылықтан заңсыз босатқандарға да шара көрілсе деп, күйініп отыр. Күдіктінің әкесі жағдайды естісімен, ұлын аяусыз соққанын ауылдағылар түгелдей білетінін айтады. Ал сотта «кінәсін соққымен мойындатты» дегендер өтірікті именбей айтуда, - деді.

"Барлық экспертиза көрсетіп отыр. Сонда әділдік қайда? Ақ адам қара болып, қара адам ақ болып кете бере ме? Оның баласы жүреді табақтай болып, менің балам жасқанып өту керек пе, өмірден? Келешегі не болады?", - дейді жәбірленушінің анасы.

Ақтау үкімін шығарған судья Сейітжапбаровпен тек қызмет телефоны арқылы ғана тілдесе алдық. Сұхбаттан бас тартуын үкім күшіне енген жоқ деп түсіндірді. Он бес тәулік ішінде ол үкім күшіне енбей қалуы да мүмкін. Себебі жәбірленуші тарап аппеляциялық алқаға шағым түсірді.

Ал кейін облыстық сот іс бойынша іске қатысы жоқ, басқа судья түсінік береді деп шешті. Оның пікірінше, тергеуші мен прокурордың дәлелі тым осал болған. Қылмыс құрамы былай тұрсын, тіпті істі қараушы судья қылмыстың сипаты да жоқ деп шешім еткенін жеткізді.

"Тергеу органдары және айыптау органдары сотта алқа билерге жігіттің кінәсін дәлелдеп бере алмаған", - дейді ОҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Әбинұр Қарабаев.

Жәбірленушілер мұнымен мүлде келіспейді. Сот жабық жағдайда өтсе де, ақтау үкіміндегі судьяның «ашық сот мәжілісі» деп көрсетуін түсінбедік, - дейді. Сарапшы қорытындысынан бөлек, күдіктінің кінәсін ерікті түрде мойындауы тағы бар, - дейді. Шешімді негізсіз деп есептейтін тарап, істі қайта қарау барысында мейлінше әділдік орнайтынына үміттенеді.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар:

"Жыл таңдауына" қатыспаған Төреғали додаға қатысты өз шындығын жайып салды

Алматы облысында 3 жасар қыздың әуретті жеріне балабақшада ойыншық тыққан

Бүгін еліміздің кей өңірлерін қар басып, түтеген боран болады

Әйгілі ресейлік актрисаны көңілдесі азаптап, өлтіріп тастады (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1700563-segiz-zhastaghy-ul-balany-zorlady-dep-ay/

pixel