Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балалар киімі келешегімізді кеселге ұрындырып жатыр

Жарияланған күні:

Еліміздегі базарлар мен дүкендердегі балалар киім­дерінің құрамын тексерген ма­мандар шошып отыр.

Өйт­кені шекара асып келетін киім­дердің құрамы­нан сәби­лер­ді түрлі дертке ұшы­ра­т­а­тын химиялық қоспалар та­­­был­ған. Талап бойынша, сә­­би кие­тін киімдерге син­те­ти­­калық тал­шықтар мүл­дем қо­сылмауы ке­рек. Алайда қа­ра­ша айында нәрес­телер­дің киім­дерін тексер­ген Ме­т­ро­ло­гия комитетінің ма­ман­дары киім­дер құрамының жар­ты­сы­нан көбі синтетика екенін анық­та­ған.

Ең сорақысы, бұл киімдердің балалар ден­сау­лы­ғына тигізер зардабының үлкендігі соншалық, тіпті ке­ле­шекте баланың белсіз болып қалу қаупі де бар кө­рінеді.

Қытай мен Қырғызстаннан жеткізілетін бала­лар киімдері ұрпақ тамырына балта шауып қана қой­май, жеткіншектердің аяғын майтабан қылып, буын ауруларының пайда болуына да әсер ететіні дә­лел­денген.

Ал соңғы бір апта ішінде тиісті орындарға зиян­ды киімдердің әсерінен балаларының денесінде бөртпелер пайда болған бір­не­ше ата-ана шағым­данған. Алайда ұрпағымызды улап, ден­­саулығына­ зиянын тигізіп жатқан бұл киімдерге тос­қауыл қоюға әзір­ге қауқарсыздық танытып отырмыз. Ден­саулыққа қатер төндірер киімдер қара базарла­ры­мызда самсап тұр. Қытай­дан әкелінетін киімдердің еш­қай­­сысының сер­тификаты да жоқ. Яғни кімдердің шы­ғарып жатқаны белгісіз. Тек зертхана ма­ман­дары киім­дердің қытайдікі екенін анық­таған. Әйтсе де үстерінде жа­ра, аяқ­тарында бөртпе пайда болып, тері ау­руларына ұшы­раған балаларға араша тү­сер отандық өндірісіміз бол­май отыр. Яғни ба­лаларымызды жалаңаш қойғы­мыз кел­­месе, амал жоқ, қайтадан Қы­тайдың киі­мі­не қол созу­ға мәжбүрміз.

Айта кетер жайт, мамандардың ба­ла­лар киіміне бұлай шоши қарауы бірінші рет емес. Қыркүйек айының басында да Қы­тай мен Қырғызстаннан жеткізілетін оқу­шылар­ға арналған мектеп фор­ма­ларының оқу­шы­лардың денсаулығына кері әсер етіп, бі­лім алуға деген қабі­лет­ін төмен­де­тетіні жайлы мамандар шу­лаған еді. Алай­да баласын білімсіз қал­дыра алмай­ты­нын және киімсіз мек­тепке жі­бере ал­май­тынын ұққан ата-ана­лар ба­ла­ларын қара базардағы бағасы "удай", сапасы тұ­қымыңды тұздай құр­тар, нағыз удай мек­теп формасы­мен киін­­­діріп, мек­тепке шы­ға­рып сал­ған еді.Өйт­песке амал­дары қайсы?! Са­пасына ба­ғасы сай отан­дық киім дүкендерде то­лып тұрма­ғаннан кейін, ата-аналар адал ақшасына қытай мен қыр­ғыздың ден­сау­лыққа кері әсер етер киім­дерін алуға мәж­бүр.Негізгі талап бойынша, оқушының мек­­­теп киімі 60 пайыз табиғи мақ­тадан тігі­­луі тиіс. Ал қара базардағы мектеп фор­­­­мала­рын­да көбінесе өнім туралы ақ­парат тұр­мақ, құжаты да жоқ болып ке­леді. Қыр­кү­йек айының басында Қытай мен Қыр­ғыз­станнан жеткізілетін мектеп форма­лары­на са­раптама жасаған мек­теп­ке дейінгі бала­лар мен білім беру ұйым­дарын санитарлық-ги­гиеналық қа­да­ғалау бөлімі мектеп фор­ма­ларының са­пасы физикалық-химиялық та­лапқа сай келмейтінін анық­тап, алдын ала да­был қаққан болатын.Наталья Дягилева, Мектепке дейінгі балалар мен білім беру ұйымдарын санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің бастығы:– Мектеп формасы, ең алдымен, ың­ғай­­лы болуы тиіс. Егер киім ауа өткізбейтін бол­­са, баланың денесі терлеп, өзін ың­ғай­­сыз сезінеді. Синтетикадан тігілген киім­ді ки­ген оқушының тынысы тарылады. Ал бұ­дан келіп баланың оқу үлгерімі на­шар­­лап, са­баққа деген ынтасы төмен­дейді. Бүгінде қа­ра базардағы Қырғыз­стан мен Қытайдан жет­кізілетін мектеп фор­ма­ларының бар­лығы белгіленген та­лапқа сай емес. Сон­дықтан ата-аналар са­пасы төмен мектеп фор­маларын мүм­кіндігінше балаларына ки­гізбегені жөн.Алайда жаңа оқу жылының басталуы қар­­саңында маманның бұл мәлім­де­месіне құлақ асқан ата-ана болмады. Ата-ана­лар шарасыздықтан балаларының ден­саулығына кері әсер етер киімдерді алу­ға мәжбүр болды. Өйткені бірлі-жа­рым отан­дық сән үйлері тіккен мектеп фор­­ма­ларының бағасын еліміздегі кез кел­ген ата-ананың қалтасы көтере алмай­тын еді. Ал мек­тепке бірнеше баласы ба­ра­тын орта әу­летті жанұялардың бала­ла­рының бәрін бір­дей сапасы талапқа сай отандық мектеп фор­маларымен қам­та­масыз ете алмасы да тү­сінікті. Амал жоқ, сапасыз болса да, ба­ғасы қалтаны көтере ала­тын киіммен ба­ла­ларымызды "киін­дір­гені" үшін қытай мен қырғызға рақмет айтпасқа шара жоқ. Әзір­ге ата-аналардың бағасы бүгін арзан бол­ғанымен, ертеңгі күні балаларының ден­саулығын құрту арқылы қымбатқа түсе­тін киімдердің сапасын ойлауға шамалары же­тер емес. Осы орайда айта кетер жайт, ауық-ауық елде орын алып жатқан аласапы­ранға қа­ра­­мастан, қаңтар мен тамыз айы ара­лы­ғын­дағы өнеркәсіп саласындағы көрсет­­­кіш бо­­йынша, Қырғыз Респуб­ли­касы ТМД ел­де­рі арасында бірінші орын­да тұр. Оның ішін­­­де көрші елдің киім өн­дірісіндегі үлесін де атап айтуға тұрар­лық­тай. Ал ел аман, жұ­рт тынышта өз ба­лаларымызды өзіміз киін­­діре алмай оты­руымызға не себеп? Өзгеге тәуелді бол­ған елімізде киім өнді­рі­сі­нің тұралап тұр­ғанына 20 жыл болды. Ал көр­ші елдер­де бұл мәселе оңтайлы ше­ші­мін тап­қан. Мәселен, Қырғызстан, Қы­тай, Ре­сей, Үндістан елдерінде үкімет жеңіл өнер­­кәсіпке қаржылай қолдау көрсетіп оты­­­­ра­­­­ды. Сондай-ақ Қырғызстан мен Қы­тай­­­да киім тігетін мекемелер салықтан мүл­дем боса­тыл­ған. Ал елімізде дайын ши­кізат бо­­ла тұра, киім өндірісіне көк тиын да бө­лін­бейді. Көр­ші елдер өнімімен жа­рыл­қа­ма­са, киімсіз жү­руге бел шешкен ел­дей киім өндірісіне мүл­дем мән бермей отыр­мыз.Айтпақшы, жуырда Үкімет 2010-2014 жыл­дарға арналған отандық өн­дірісті қол­дауға бағытталған бағдар­ла­маға шұғыл то­лықтырулар енгізіп, отан­дық киім өн­дірісін өрістетуге уәде етті. Ең болмаса, осы бағ­дарламадан сапасы та­лапқа, бағасы ата-аналардың қалтасына сай балаларға ар­налған киімдер мәселесі шет қалмаса игі...

Осы орайда халқымыз ден­саулыққа залалсыз киім кисін десек, өзі­міздің отандық киім өндірісімізді жаң­ғыртуымыз керек. Амангелді МОМЫШЕВ, Мәжіліс депутаты:– Бұл жерде, ең алдымен, біздің халқы­мыз­ды басқа елдердің киімдерінің арзан­ды­ғы қызықтырып отыр. Айта кетер жайт, Қыр­ғызстанның киім өндірісшілері мем­ле­кетке салық төлемейді. Сондықтан киім­де­рінің де өзіндік бағасы арзан болып келеді. Осы орайда халқымыз ден­саулыққа залалсыз киім кисін десек, өзі­міздің отандық киім өндірісімізді жаң­ғыртуымыз керек. Сондай-ақ киім өндірісі тезірек жандансын әрі киімдеріміз халық­тың қалтасына сай болсын десек, қыр­ғыздар секілді өндірісшілерді салықтан босату жолдарын да қарастырған жөн. Жалпы, отандық өндірісімізді жандандыр­май, қауіпсіз өнімге қол жеткіземіз деп ай­та алмаймын.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/170371-balalar-kiimi-keleshegimizdi-keselge-yryndyryp-zhatyr/