Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шахтинскідегі шахтерлерге қатысты жаңа ақпарат пайда болды

Жарияланған күні:

Шахтинск қалалық соты шахтерлер ереуілін тоқтату туралы ұйғарым шығарды. Сот ереуілге шыққан бірнеше шахта кеншілеріне 14 желтоқсан сағат 16:00-ге дейін жер бетіне шығуға міндеттеген деп хабарлайды NUR.KZ.

"Казахстанская", "Шахтинск", "В.И. Ленин атындағы" және "Тентек" АрселорМиттал" АҚ шахталары жұмысшылары ереуілін тоқтату.  2017 жылғы 14 желтоқсан сағат 16-ға дейін кеншілерге жер бетіне шығып, ереуілдік әрекеттерін тоқтата тұруға міндеттеу. Шахталардағы ереуілді тоқтату туралы ұйғарым тез арада орындалуы керек", - делінген сот ұйғарымында.

"АрселорМиталл Темиртау" компаниясының ереуілді заңсыз деп тану туралы талабы әлі қаралған жоқ. Сотта тек қана ереуілді тоқтата тұру туралы ұйғарым ғана қабылданған" делінген құжатта.

Сот материалдарына сәйкес, процесс барысында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ өкілі шахталардағы кеншілер өздері мен өзге адамдардың өмірін қатерге тікті деген дәйек келтіріп отыр.

Сонымен бірге дәлел ретінде қымбат тұратын жабдықтардың істен шығу қаупі бары келтірілген. Олардың сөзіне сүйенсек, шахтерлар газсыздандыру жөніндегі іс-шаралар мен үздіксіз жүзеге асып тұруы тиіс шахтаның жылу жүйесіне кедергі келтіріп отыр.

Сот болса, өз кезегінде, ереуілшілердің әрекеттері салдарынан шахта жұмысшыларының денсаулығы мен өміріне тікелей қауіп төніп тұрғаны туралы шешім шығарды.

"Қазақстан Еңбек кодексінің 176-бабы, 4-тармағына сәйкес, егер адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп тудыратын жағдай тудырған жағдайда прокурор немесе сот тиісті шешім шыққанша ереуілді тоқтата тұруға құқылы. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ жұмысшылары ереуілді өткізу орны ретінде көмір шахтасын таңдаған.

Алайда бұл кәсіпорын аса қауіпті әрі күрделі өндірістік жүйесі бар (жарылыс болу қаупі, өрт болу қаупі, су және газ жарылысы болу қаупі), күтпеген геологиялық немесе табиғи күштер орын алуы мүмкін, бір ғана жұмысшы қауіпсіздік техникасын сақтамаған жағдайда айнадалағы адамдар үшін зор қауіп тудыратынорын болып саналады", - деді судья. 

Жоғарыда айтылған дәлелдерге сүйене отырып, сот компания шағымын қанағаттандыру туралы ұйғарып, бұл ұйғарымды орындауды Шахтинск прокурорына табыстады. Прокурор немесе тараптар ұйғарымға 10 тәуліктің ішінде қайта арыз түсіруге мүмкіндігі бар екенін айта кету керек.

Соңғы деректер бойынша аталған шахталарда 400-ден астам қалған.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар:

Астанада тергеу изоляторының қызметкері өз-өзіне қол салды

Жыныс мүшесі арқасында орналасқан сәби дәрігерлерді таңғалдырды

Отандық танымал әнші өзін алдап кеткен әкімдердің әрекетін жайып салды

Көңілдесі үшін күйеуін өз қолымен өлтірген әйелдің сұмдық оқиғасы елді дүрліктірді

Мысықты кір жуғыш машинаға салып, өлтірген сәтін желіге жариялаған жігіт сотты болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1706320-shakhtinskidegi-shakhterlerge-qatysty-zh/