Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан өңірлеріндегі әйелдер онлайн қарыздарды пайдалануды жөн санайды

Опубликовано:

Өңірлерде «жалақыға дейін қарыз алу» қажеттілігінің артуы бірнеше факторларға байланысты. Moneyman.kz компаниясы бойынша сауалнамаға қатысқан респонденттер жылдамдық пен сенімділік, икемділік және кредит тарихын жөндеу мүмкіндігі, өтеудің ыңғайлы жүйесі секілді артықшылықтарды атап көрсетті.

2017 жылдың 9 айы ішінде Қазақстан бойынша жалпы сомасы 22 млрд теңгені құрайтын 540 мыңнан астам онлайн қарыз берілген. Өңірлерде жүргізілген зерттеуге сүйенсек, халық жыл сайын баламалы кредиттеу сервистерінің қызметтерін белсендірек пайдаланып келуде.

2017 жылдың 10 айы ішінде жиынтықты сандық арту 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 71,1%-ды құраған. Қазақстанда онлайн-кредиттеудің ірі сервисіне жататын MoneyMan компаниясы 4,6 млрд теңге сомасына 95 мың қарыз берсе, 2017 жылы 168 мың қарыз бойынша 9,3 млрд теңге сомасы халыққа ұсынылған.

Сонымен қатар 2017 жылы берілген қарыздардың орташа сомасы 2016 жылмен салыстырғанда шамамен 30%-ға артқан.

«2017 жылы 2016 жылмен салыстырғанда өңірлерде онлайн қарыз ресімдеген әйелдердің саны артқан. Егер бұл сандық көрсеткіш 2016 жылы әйелдер арасында 48,7%-ды құраса, 2017 жылы 54%-ға артқан. Ерлер арасында белсенділік 2016 жылғы 51,3%-дан 2017 жылы 46%-ға дейін төмендеген.

Алматы, Астана қалаларындағы, Алматы, Ақмола, Қарағанды облыстары және Оңтүстік Қазақстан облысының әйелдері онлайн қарызды белсенді ресімдеуге бет алған. Ерлер мен әйелдер арасындағы ең талап етілетін қарыз шарттары келесідей; қарыз сомасы 40 000 – 60 000 теңге, қарыз мерзімі – 21 күн.

Онлайн-компанияларға ақша алу үшін жүгіну себептері әртүрлі. Мысалы, пайдаланушылардың 45,2% онлайн қарызды офлайн-компанияларға қарағанда жылдам және ыңғайлы шарттармен алуға болатындығы үшін таңдайды.

Ақша дәл қазір қажет болған кезде онлайн-кредиттеу мұндай қажеттіліктерді шешудің жалғыз құралы болып табылады. Респонденттердің 7,3%-ы үшін қаржылық компания кеңселерінің алыс орналасуына байланысты онлайн қарыз алу жеңілірек.

Олар кеңсеге барып, өтініш беруге уақыт жоғалтпай, қаражатты онлайн алуды ұнататындығы туралы айтты. Клиенттердің 5,6%-ы онлайн-кредиттеу компаниялары қарызды төлеудің түрлі тәсілдерін ұсынуын таңдау жасау кезінде маңызды деп санайды» - деді өз сөзінде Moneyman.kz компаниясының бас директоры Андрей Игнатенко

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1709244-kazakstan-irlerindegi-jelder-onlajn-karyzdardy-pajdalanudy-zn-sanajdy/

pixel