"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ОҚО-да бірқатар маңызды шаралар өткізілді
Жарияланған күні:
Тұрғындардың патриоттық сезімін арттыруды көздейтін "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ОҚО бойынша бірқатар маңызды қадамдар жасалды деп хабарлайды NUR.KZ.
Бүгінгі күнде "Рухани жаңғыру" бағдарламасы «Тәрбие және білім», «Атамекен», «Рухани қазына» және «Ақпарат толқыны» атты төрт кіші бағдарлама бойынша жүзеге асырылуда.
Бұл бағдарламалар 10 базалық бағыттан құралып, бүгінгі таңда 19 кіші жоба, 207 іс-шара ұйымдастырылып жатыр.
Сондай-ақ, меценаттар тарапынан жалпы 365 жоба жүзеге асырылды.
Атап айтқанда, 50 білім беру нысандарының, 61 спорт нысандарының, 33 мәдениет нысандарының, 52 инфрақұрылым нысандарының, 169 әлеуметтік нысандардың құрылысы жүргізіліп, материалдық базалар жаңартылды және қайырымдылық көмектер көрсетілді.
Меценат, кәсіпкерлер тарпынан жүргізілген демеушіліктің басты мақсаты туған жерінің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына перзенттік үлестерін қосуы болып табылады.
Аталған азаматтар өз өлкесін, қаласын, аудан-ауылын перзенттік махаббатпен сүйетін, терең тебіреніспен құрметтейтін барлық азаматтарды туған жерді түлетуге шынайы ниетпен, перзенттік ықыласпен жәрдемдесуге шақырып, үлгі көрсетуде.
Сондай-ақ, мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы 2017 жылы ауқымды жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, білім саласында 14 нысанның, денсаулық сақтау саласында 6 нысанның, спорт саласында 6 нысанның құрылысы басталып, жұмыстар жүргізілуде.
2017 жылдың маусымынан бастап жастарды пайдалы қоғамдық еңбекке ынталандыратын 700 жастан құралған «Еріктілер корпусы» жасақталды.
Салaуатты өмір салтын насихаттайтын «Сенімді болашақ» жобасы жүзеге асуда. Қазіргі таңда облыс көлеміндегі аудан, қалаларда «Аймақтарды абаттандыру және көгалдандыру», «Біз зиянды әдеттерден аулақпыз» акциялары өткізілген.
2017 жылдың қыркүйек айында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі балаларға қолдау көрсету мақсатында «Аялы алақан» жобасы бастау алды. Жоба аясында өнер қайраткерлерінің қатысуымен қайырымдылық концерттері мен акциялар өткізілді.
2017 жылдың қыркүйегінде «Кәсіпкерлік мектебі» жобасы басталды.
Білім беру ұйымдары түлектерін оқыған білім ордаларына жәрдем беруге ынталандыру мақсатында «Алтын ұям» жобасы қолға алынған.
2017 жылдың 15-16 қарашасында Шымкент қаласында «Ontustik tourism. INVEST-2017» атты халықаралық форум және және «Silk Road fair» жәрмеңкесі өтті. Бұл іс-шараның мақсаты туризм саласына инвестиция тарту.
«Ажарлы үй – ырысты» жобасы 2017 жылы басталып, көктем-күз мезгілдерінде жүзеге асырылды. Аталған жоба аясында аудан, қалаларда 797-ден астам белсенді ерікті жастар елді мекендерді абаттандыру мақсатында көмекке зәру 786 отбасының аулаларын тазалап, қоршауларын, қақпаларын сырлап, ауыл ажарының артуына өз үлестерін қосты.
Сонымен қатар, бүгінгі таңда «Отырарды қорғау» және «Күш атасы – Қажымұқан» атты фильмдері түсіріліп, қоғам назарына ұсынылды.
«Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы аясында жалпы сомасы 73,42 млн теңгеге (жергілікті бюджет) 18 кіші жоба, 53 іс-шара іске асырылды.
«Айналаға қара» кіші жобасы аясында ауыл балаларын қала өмірімен, қала балаларын ауыл өмірімен таныстыру мақсатында «Бір апта ауылда», «Бір апта қалада» іс-шаралары өткізілді.
«Дарындылар елі» жобасы аясында 2017 жылы «Алтын қазына», «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам», «Менің бастауым - менің Отаным үшін» іс-шарасы өткізілді. Жүлделі орын иегерлері республикалық байқауларға қатысып, ІІ орынды иеленді.
«Менің Отаным - Қазақстан» кіші жобасы бойынша «Ақ желкен» су жарысы, «Менің денсаулығым - менің болашағым - менің экологиям» облыстық жас экологтар слеті, «Ұлы дала ұландары» облыстық туристік жарысы өткізілді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1709640-ruhani-zagyru-bagdarlamasy-aasynda-oko-da-birkatar-mayzdy-saralar-tkizildi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.