Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұмбақ жағдайда қайтыс болған Аслан Мусиннің ұлы туралы не білеміз?

Опубликовано:

Танымал саясат қайраткері Аслан Мусиннің ұлы көзі тірісінде діни тұрғыда көп сынға ұшыраған еді. Жұмбақ өліммен қайтыс болған Асылбек Мусиннің өмірі туралы ақпаратты NUR.KZ порталы анықтады.

Асылбек Мусин – Қазақстан Республикасы президент администрациясының экс-басшысы Аслан Мусиннің ұлы.

Ол АҚШ-та төрт жыл тұрып, Бостон қаласындағы Масачусетс университетіне оқуға түседі. Алайда оны аяқтамай шығып кеткен Асылбек 20 жасынан бастап дінге бет бұрды. 2003-2005 жылдар аралығында Сирияның Дамаск қаласында «діни білімін» шыңдап, ағылшын, араб тілдерін еркін меңгерген.

Ашық дереккөздерге сүйенсек, Асылбек Мусин еліміздегі «құранит» ілімінің негізін салушы. Ол 2007 жылдан бері 70-80 мың адамнан тұратын «Ізгі амал» атты Қазақстан құраншыларының қоғамдық бірлестігіне жетекшілік етіп келген.

Аталмыш ұйым Қазақстан Мұсылсмандар діни басқармасы тарапынан қатал сынға ұшырап, діни секта ретінде танылды. Ал оған АҚШ және Ұлыбритания елдері демеушілік жасап отыр деген ақпарат бар.

Еске сала кетейік, Telegram желісінде саясаттанушы Талғат Қалиев Асылбек Мусиннің Ригада қаза болғанын хабарланған еді. Бұл мәліметті кейін еліміздің Сыртқы Істер министрлігі де растады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1709930-zmbak-zagdajda-kajtys-bolgan-aslan-musinni-ly-turaly-ne-bilemiz/

pixel