Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкент - бұл жұмақ: Белгілі шолушы еліміздің болашағы шымкенттіктердің қолында екенін айтты

Опубликовано:

Шымкенттіктерді солтүстікке көшіру ең тамаша идея екенін жазған белгілі шолушы Валерий Сурганов желі қолданушыларын екітарап ойға бөлді. Ол өзінің оңтүстік пен солтүстік туралы пікірін Facebook парақшасында жариялаған деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Шымкент қаласы. Фото желіден алынды
Шымкент қаласы. Фото желіден алынды: UGC

"Иә, Қазақстанның солтүстігіне барып, Шымкенттің жұмақ екенін түсіндім. Ал шымкенттіктер нағыз бәсекеге қабілетті, тірлігіне пысық және қонақжай халық. Сондықтан елдің болашағы осы жандардың қолында. Бұл ерекшелікті әсіресе басқа өңірге барып келсең қатты байқайсың", - дейді Валерий.

Содан кейін "Астана-Павлодар" бағытындағы пойыздың жағдайы мен солтүстік қалаларынындағы бос көшелерді шолып өткен журналист тіршілігі саябырсып қалған өңірді шымкенттіктер тірілте алатынын айтты.

"Шымкенттіктерді солтүстікке көшіру - ең тамаша идея. Меніңше солтүстік қалаларын тек шымкенттіктер құтқара алады. Жүдеген, сөнген жерлерінің шамын қайта жағып, экономикалық өсіміне, тіршілігінің тірілуіне көмектеседі", - деп түйіндеді журналист.

Журналист Валерий Сурганов Астана қаласының тұрғыны бола тұра, Шымкент туралы айтқан пікірі оңтүстік жұртына майдай жақты. Алайда желі қолданушыларының арасында бұл оймен келіспейтіндер де табылуда.

Олар солтүстіктегі ауа-райының қолайсыздығы, күн көзінің аз көрінуі - көшіп келген шымкенттіктердің де "отын сөндіріп тастайды" дегенді айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1710680-symkent-bl-zmak-belgili-solusy-elimizdi-bolasagy-symkenttikterdi-kolynda-ekenin-ajtty/

pixel