Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қыстың қақ ортасында Шымкентте күн жылынып кетті (фото)

Опубликовано:

Шымкент қаласында соңғы 100 жылда болмаған суық қыс күтілетінін жарыса айтқан синоптиктердің болжамы расталмады. Тіпті, қала тұрғындары Жаңа жылды қарсыз қарсы алған. Бұл туралы NUR.KZ порталы "ТВК" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қыстың қақ ортасында Шымкентте күн жылынып кетті. "ТВК" арнасынан кадр
Қыстың қақ ортасында Шымкентте күн жылынып кетті. "ТВК" арнасынан кадр: UGC

ОҚО-да демалыс күндері ауа температурасы +15 градусқа дейін көтерілді. Саябақта серуендеген тұрғындар күн көзіне қыздырынып мәз болған.

Тұрғындар өңірде біресе қар жауып, біресе қыс мезгілінде ағаштардың бүр жаратынына үйреніп кеткендерін айтуда.

Қыстың қақ ортасында Шымкентте күн жылынып кетті
Қыстың қақ ортасында Шымкентте күн жылынып кетті: UGC

«Терезелерді ашып тастадық. Ауа райы керемет. Жып-жылы. Күн нұры бізді қуантады», - дейді Шымкент тұрғыны.

Синоптиктердің сөзіне сенсек, қаңтарда қар сирек жауып, күн жылынып, жаңбыр жиі себелейді. Ауа температурасы қыс мезгіліне сай тұрақты болады.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1710754-kysty-kak-ortasynda-symkentte-kn-zylynyp-ketti-foto/

pixel