Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үсті-басы қанға малынған ер адамның видеосы павлодарлықтарды шошытты

Опубликовано:

Павлодарлық полиция қала дүкендерінің бірінде үсті-басы қан болған адам түсірілген видеоны әлеуметтік желіде таратқан азаматты іздеуге кірісті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Скриншот видеодан алынды
Скриншот видеодан алынды: UGC

Аталмыш видео WhatsApp желісінде тараған болатын. Желі пайдаланушылардың сөзіне сүйенсек, оқыс жағдай Павлодардағы сауда орталықтарының бірінде орын алған.

ІІД баспасөз қызметінің басшысы Баян Мағзұмованың айтуынша желіде таралған видео шындыққа жанаспайды.

"Маған осы видео 29-желтоқсан күні келді. Ал, 31-желтоқсан күні журналистерден алғашқы сауал хат келіп түсті. Оқыс оқиға Ресейде орын алған. Қазіргі уақытта полиция жалған ақпарат таратқан адамды іздестіруде. Осы жағдай оқиғаларды есепке алу кітабына тіркелді", - дейді Баян Мағзұмова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1710942-sti-basy-kanga-malyngan-er-adamny-videosy-pavlodarlyktardy-sosytty/

pixel