2018 жылы қазақстандықтар қай күндері демалады?
Опубликовано:
Egov электронды үкімет сайтында 2018 жылдың демалыс және мереке күндері жарияланды. Сондай-ақ күнтізбеде басқа күнге жылжытылған демалыстар да белгіленген деп хабарлайды NUR.KZ порталы.
![2018 жылы қазақстандықтар қай күндері демалады? 2018 жылы қазақстандықтар қай күндері демалады?](https://cdn.nur.kz/images/1120/pogudx31je1isjhia.jpeg)
Қазақстан заңнамасына сәйкес, егер мерекелік күн (мемлекеттік немесе ұлттық мейрам) демалысқа тура келсе, онда мере үшін демалыс басқа күнге шегеріледі.
Сонымен "Қазақстан Республикасының мереке туралы заңнамасына" сәйкес еліміздегі мейрам күндері:
Жаңа жыл қаңтардың 1 және 2-не тойланады;
Халықаралық әйелдер мерекесі 3-наурыз күнге алмастырылғандықтан, қазақстандықтарға қатарынан төрт демалыс күнін сыйлайды;
Наурыз мейрамы 21-23 наурыз аралығында;
1-мамыр күнгі мереке үшін 30-сәуір демаламыз;
Отан қорғаушылар мен жеңіс күні үшін 5-мамыр (сенбі) жұмыс істеп, 7-9 мамырда мерекені тойлаймыз.
Астана күні - 6-шілде деп белгіленген;
30-тамыз Конституция күні. Бұл мерекеде де ұзағырақ демалу үшін 25-тамыз жұмыс істеп, 30-нан кейінгі демалыс күндерін үзбей жалғастырып кетеміз;
1-желтоқсан Тұңғыш президент күні 2018 жылда сенбіге тура келеді екен. Сондықтан ол 3-желтоқсанда тойланатын болады;
Тәуелсіздік күні 16-желтоқсан, жұмаға түсіп тұрғандықтан бұл мерекеде қазақстандықтар 18-желтоқсанға дейін демалмақ;
Ал 31-желтоқсан жаңа жыл мерекесі 29-31 желтоқсан аралығында демалыс күндерін сыйлайды.
Қасиетті құрбан айт мейрамы 21-тамыздан басталады. Жалпы қазақстандықтар бұл жылы 120 күн демалады екен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1710971-2018-zyly-kazakstandyktar-kaj-knderi-demalady/