Алматыда "алтын" қылмыстық топ құрықталды (фото)
Опубликовано:
3 қаңтар күні Алматыда, Астанада және Степногорскіде Қытайға алтын концентраттарды заңсыз тасымалдау бойынша күдіктілер құрықталды. Бұл туралы NUR.KZ порталы ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қамауға алынғандар арасында Қытай елінің құзырындағы бір азамат бар.

ҰҚК қызметкерлері тінту барысында қоймалардан шикізатта қымбат металдардың бар-жоғын анықтайтын заңсыз зертхананы тапқан.

"Алтынкөл" стансасында құрамында алтын бар 106 тонна рудадан құралған екі вагон тоқтатылды", -делінген баспасөз хабарламасында.

Тергеудің өзге мәліметтері құпия сақталуда. Алматы қалалық сотына сілтеме жасаған Sputnik Қазақстанның мәліметіне сүйенсек, контрабандалық концентраттың құны 33 млн 116 мың теңге.

Қылмыстық топ құрды деп күдіктелген азаматтар қамауға алынған.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1711147-almatyda-altyn-kylmystyk-top-kryktaldy-foto/