Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық жастар неге елде қалғысы келмейді?

Жарияланған күні:

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі жанындағы орталық зерттеушілеріның қорытындысына сәйкес, Қазақстан жастарының 40 пайыздан астамы елден кеткісі келеді екен. Ал бүгінде шетелге асқан отандастарымыздың өмірімен Ақжайық басылымы танысып көрді деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды
Көрнекі фото желіден алынды: UGC

Дарья Гараздюк Қазақстаннан 5 жыл бұрын кетіп қалған. Қазір Прагада тұрады.

"Мен Қазақстаннан 17 жасымда мектеп бітіргеннен кейін кеттім. Шыны керек, шетелде оқуды ойлағанда Чехияда оқимын деп ойламаппын. Кейін ата-анамның өте көп күш салуымен осы елге оқуға түсіп, қалып қойдым. Қазақстан мен Чехияның менталитеті мен өмір сүру деңгейі әртүрлі. Маған бұл ел ұнайды. Жуық арада осы елде тұру ықтиярхатын алуды жоспарлап отырмын. Әрі қарай көре жатармыз", - дейді Дарья.

Кумисай Лот Қытайдың Тяньцзинь қаласында тұрады

"Мен Қытайға тіл үйренуге бардым. Кейін Қытайдың Тяньцзинь қаласына көшіп барып, университетке оқуға түстім. Оқуым аяқталуға жақын. Бұл елде көп нәрсені үйрендім, ағылшын және қытай тілдерін жетік меңгеріп алдым. Бұл елдің мәдениеті маған қатты ұнайды. Экономикасы қарыштап дамып келеді. Қытайды жақсы көремін. Егерде отбасымның Қытайға көшіп келетін мүмкіндігі болса, мен осы елдің азаматы болып қалар едім", - дейді Кумисай Лот.

Индира Жұманова Малайзия астанасы Куала-Лумпурда тұрады.

"Мектеп бітіргеннен соң, Алматы қаласындағы беделді оқу орнының грантын иелендім. Бірақ Қазақстандағы білім сапасы ұнамағандықтан, Куала-Лумпурға оқуға түстім. Қазір өзім оқыған университетте жұмыс істеймін. Білесіз бе, Қазақстанда мектепте оқыған пәндерді университетте кері оқытады. Бұл маған теріс көрінді. Малайзия университеттерінде іс-тәжірибеге көп көңіл бөледі. Ал азаматтық алуға келсек, мен оны ауыстырмаймын. Осы елде алған білімімді өз елімнің пайдасына жұмсағым келеді. Бірнеше жылдан соң Қазақстанға қайтамын.
Жасырмайын, мен де 2014 жылы мектепті аяқтай салысымен өзге елге кеткім келген. Бірақ екі талпынысым да сәтсіз шығып, елде қалдым. Ол кезде менің елден кетуіме екі ғана фактор әсер етті: жемқорлық пен әлеуметтік әділетсіздік. Қазір де бұлар күшеймесе, жойылған жоқ", - дейді Индира.

Ал Қазақстанда оқитын студент Назгүл Жауынбаева мүмкіндік болса отбасыммен бірге шетелге көшетінін айтады.

"Сол елде қазіргідей жалақыдан-жалақыға дейін қиналып, өмір сүрмейтін едім. Еуропа елдерінде болмасам да, оларда барлығы адамдар үшін жасалғанын білемін. Сондықтан Франция немесе Германияның азаматтығын алсам, жақсы болар еді", - дейді Назгүл.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1711938-kazakstandyk-zastar-nege-elde-kalgysy-kelmejdi/