Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнұран ойнағанда ойыншығын тастай жүгірген сәбилер көпшілікті тамсандырды (видео)

Опубликовано:

,Ғаламтор желісінде Қазақстаннның әнұранын орындау үшін ойындарын тастап, тұра жүгірген балақайлардың видео пайда болды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Балабақшадағы патриоттар. Фото: Видеодан үзінді.
Балабақшадағы патриоттар. Фото: Видеодан үзінді.: UGC

Бүлдіршіндер музыка басталған сәтте қатарға тұрып, қолдарын жүректеріне қойып, тілдері келгенше қосылып шырқағаны жұртшылықты тәнті етті. Видео небәрі екі күнде миллиондаған қаралым жинап, халық арасында кең таралуда. Бейнежазбаны көргендер «Қазақстанның болашағы осылардың қолында, жарайсыңдар!», «Отан сүйгішті осы балақайлардан үйреніңдер!» деген сынды жағымды пікірлер жазуда. Бүлдіршіндерінің қылығы хит болған №18 балабақшаның қызметкері NUR.KZ порталына балалар әнұранды жан дүниесімен орындайтынын айтып берді.

«Біздің балабақшада әнұран екі рет орындалады. Таңғы жаттығу алдында және бөлмемізге келіп тамақ ішкенде, сабақ орындар кезде міндетті түрде хормен гимнды айтамыз. Бұл бізге басшылық тарапынан қойылған талап емес, өзіміздің жеке идеямыз болды. Біздің балалар гимннен басқа ту, елтаңбаны да жақсы таниды. Олардың жасы небары үште болса да бойындағы паттиоттық сезімдері ерекше. Әнұран орындар кезде бәрін тастай салады. Тіпті, ойыншықтарын да» ,- дейді тәрбиеші Нұрила Утебекова.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1712006-nran-ojnaganda-ojynsygyn-tastaj-zgirgen-sbiler-kpsilikti-tamsandyrdy-video/

pixel