Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Он үш жасар қазақ қызын көру үшін әлемнің 31 елінен туристер ағылды

Опубликовано:

Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында тұратын қандасымыз небәрі 13 жасында жарқ етіп жаһанға танылды. «Google»-дің мәліметі бойынша, XXI ғасырда қазақты әлемге әйгілеген адамдар саусақпен санарлық, солардың бірі осы бүркітші қыз - Айшолпан Нұрғайыпқызы.

Он үш жасар қазақ қызын көру үшін әлемнің 31 елінен туристер ағылды
Он үш жасар қазақ қызын көру үшін әлемнің 31 елінен туристер ағылды: UGC

Бұл туралы "Қазақстан" ұлттық арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Бүгінде қолына қыранын қондырып, тұлпарын тақымдаған қазақ қызының бейнесі шартарапты шарлап кетті. Айшолпанның арқасында әлем жұртшылығы дәстүрін дәріптеп, салтын сақтаған өршіл-ойшыл қазақ деген халық бар екенін білді.

Биыл Айшолпанды өз көзімен көру үшін Баян-Өлгейге 31 мемлекеттен турист барған екен. Сондай-ақ, «Бүркітші қыз» туралы фильм әлемнің беделді кинотеатрларында көрсетілді.

Айшолпанға, әсіресе, америкалықтар ерекше ынтық. Олар бүгінде бүркітші қыз туралы кітап жазып жатыр. Туындының тұсауы осы жылдың соңында Лос-Анджелесте кесілмек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1712256-on-s-zasar-kazak-kyzyn-kru-sin-lemni-31-elinen-turister-agyldy/

pixel