Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қара күйе: Теміртаудың ғарыштан түсірілген суреттері ғалымдарды шошытты

Опубликовано:

Қара күйе жамылған Теміртаудың ғарыштан түсірілген фотосуреттері пайда болды. Ғалымдардың осыдан кейінгі пайымы бойынша, қаланы басқан қою түтіннің метталургиялық комбинаттан шығып жатқанына еш күмән жоқ. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Қара күйе: Теміртаудың ғарыштан түсірілген суреттері ғалымдарды шошытты
Қара күйе: Теміртаудың ғарыштан түсірілген суреттері ғалымдарды шошытты: UGC

Фотосуреттер ғарыштан 7 қаңтар күні таңертең түсірілген. Кадрларда жаңа жауған қардың сәл уақытта-ақ қара түске енгені байқалады.

Қара күйе: Теміртаудың ғарыштан түсірілген суреттері ғалымдарды шошытты
Қара күйе: Теміртаудың ғарыштан түсірілген суреттері ғалымдарды шошытты: UGC

Тәуелсіз экологтар қаланы комбинаттың түтіні басып жатқанын бірауыздан айтып отыр. Дегенмен, қазір экология басқармасы мен «Қазгидромет» өкілдері қара күйенің қайдан келгенін әлі анықтау үстінде.

Қара күйе: Теміртаудың ғарыштан түсірілген суреттері ғалымдарды шошытты
Қара күйе: Теміртаудың ғарыштан түсірілген суреттері ғалымдарды шошытты: UGC

Олар Теміраудың 5 бірдей жерінде ауадағы күкіртті сутек құрамының қалыптан асқанын мәлімдеді. Ал қорытынды нәтижелер 10 күннен кейін дайын болады.

Естеріңізге салсақ, қаңтардың басында қала тұрғындарының арызынан кейін Теміртау билігі экология басқармасына хат жолдаған еді. Сол хатқа байланысты қазір жоспардан тыс тексерістер жүріп жатыр.

Дегенмен, осы шаһардағы «Арселор Миттал Теміртау» компаниясы ауаны ластайтын түтінге бақылауды күшейткенін және соңғы 20 жылда қоршаған ортаға шығатын лас қалдықтардың 3 есеге азайғанын айтып, өздеріне шаң жуытар емес.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1712329-kara-kje-temirtaudy-garystan-tsirilgen-suretteri-galymdardy-sosytty/

pixel