Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар тойда гауһартас шашқан: Жан Мұқанов ерекше думандар туралы айтып берді

Опубликовано:

Музыкант-режиссер Жан Мұқанов Ләйлә Сұлтанқызының The эфир бағдарламасында өзі қатысқан ерекше тойлар туралы айтып, елді таңғалдырды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Жан Мұқанов. Фото Желіден алынды
Жан Мұқанов. Фото Желіден алынды: UGC

Бағдарлама барасында Жан Мұқанов продюсерлік жолға қалай келгені туралы айтып берді. Елімізде өтіп жатқан түрлі тойлардың басы-қасында жүрген маман өзі қатысқан ерекше думандар туралы да сөз қозғады.

"Көбісі білмейді қандай тойлар болып жатқанын. Бір тойда шашуды бриллиантпен жасаған. Енді нақты білмеймін, мүмкін сваровски шығар. Бірақ бриллиант деп айтып, бриллиантпен шашқан. Қызығы, сол жерде қалың кілем жатқан. Бриллианттар сол кілемнің арасында көрінбей жоғалып кетті. Той біткен соң бүкіл даяшылар соны жинап отырған. Бірақ оларды бермей қойды...", - деді продюсер.

Сондай-ақ еліміздегі ең танымал той ұйымдастырушысы танымал тұлғалар мен түрлі қызметтегі басшылардың жиынын өткізгенде ең алдымен құпиялылық шартын сақтайтынын да жасырмады.

"Айта берсе көбісі көре алмайды. Көріп тұрсыз ғой, бір торт үшін қанша сөз қылды. Мен сол той иелерін уайымдадым шынымды айтсам. Бір торт үшін қаншама сөз ерді", - дейді Мұқанов.

Той туралы 18:22-минуттан бастап айтады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1712833-kazakstandyktar-tojda-gauartas-saskan-zan-mkanov-erekse-dumandar-turaly-ajtyp-berdi/

pixel