Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жыла, Отан": Өзбек ақыны жазған жоқтау өлең жұрттың жүрегін ауыртты

Опубликовано:

Ақтөбе облысындағы автобус өртінен қаза тапқан өзбекстандық азаматтарға арналған жоқтау өлеңі желі қолданушыларының көзіне жас үйіртті деп хабарлайды NUR.KZ.

"Жыла, Отан": Өзбек ақыны жазған жоқтау өлең жұрттың жүрегін ауыртты
"Жыла, Отан": Өзбек ақыны жазған жоқтау өлең жұрттың жүрегін ауыртты: UGC

Өзбектің ақын қызы Шахло Ахророваның марқұм болған жандарға арнаған өлеңін Сұлухан Мыңбаева қазақшаға аударып, Facebook желісіндегі парақшасына жариялаған.

"Жыла,Отан!

Басыма ақ салам-ай деп жыла,Отан,

Қырды кезген налам-ай деп жыла ,Отан

Елу екі дем үзілді бір-ақ сәтте

Елу екі данам-ай деп жыла,Отан

Бейуақ кеткен балам-ай деп жыла,Отан!

Несібемді терейін деп шығып кеткен

Пешенемнен көрейін деп шығып кеткен

Ана еңсесін көтерместей жығып кеткен

Ессіз кеткен балам -ай деп жыла,Отан

Ізсіз кеткен балам-ай деп жыла,Отан!

Өзге жұртта сарсан болып қор болдың ба,

Ах,перзентім көмегіме зар болдың ба?

Елу екі жұлынымды жұлып кеткен

Елу екі құлынымды жұлып кеткен,

Шейіт кеткен балам-ай деп жыла,Отан!

Ең ауыр қам - бала қабірін көру екен

Ең ауыр дерт өзге жұртта өлу екен

Ең ауыры бәріне де көну екен,

Көкке жетті налам-ай деп жыла,Отан

Қабірің қане балам-ай деп жыла,Отан!

Қайда барсаң іздеріңнен еремін де

Үйіңе қайт,рызқың тауып беремін де,

Бөтен елде сен басыңды иіп жүрсең

Бас көтеріп қалай енді жүремін де

…Бейуақ кеткен балам-ай деп жыла,Отан!", - деп жазады ол.

Мұны оқыған желі қолданушылары еріксіз көздеріне жас алғандарын айтып, қазаның арты қайырлы болуын тіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1712899-zyla-otan-zbek-akyny-zazgan-zoktau-le-zrtty-zregin-auyrtty/

pixel