Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да ішімдікке тойып алған алты жасар бала ауруханаға түсті

Опубликовано:

Шығыс Қазақстан облысында дәрігерлер ішімдікке үйір жеткіншекті есепке қойып, жағаларын ұстап отыр деп хабарлайды "Еуразия бірінші арнасына" сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: твойгород24.рф
Көрнекі фото: твойгород24.рф: UGC

Кішкентай маскүнемді ең алдымен жедел жәрдем қызметкерлері көрген.

Ата-анасының отырыстарынан кейін қараусыз қалатын бала үстелдегі қалдық арақты ішіп алады екен. Соңғы рет қатты мас болып, тіпті оянбай қалған ол ауруханадан бір-ақ шыққан.

"Бұл балаға әртүрлі емдом шаралары жасалды. Оның тәрбиесіне, дамуына көңіл бөлініп, қолдан келгенше емдеп жатырмыз", - дейді психоневрологиялық диспансердің бөлім меңгерушісінің міндетін атқарушы Людмила Кошелец.

Әзірге Өскемендегі алты жасар баланың тәрбиесі мен тәртібіне байланысты кімге қандай шара қолданылатыны белгісіз.

Жалпы елімізде кәмелет жасына толмағандардың ішімдік ішіп, есірткі мен психотроптық заттарды қолданғаны үшін ата-аналарға жарты млн-ға дейін айыппұл салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1713216-sko-da-isimdikke-tojyp-algan-alty-zasar-bala-auruhanaga-tsti/