Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көшеден бір бума ақша тапқан ақтаулық азамат оның иесін іздестіруде

Опубликовано:

Ақтау тұрғыны 13 ықшамауданда серуендеп жүріп, бір бума ақша тауып алды. Ол ақшаны қайтару үшін иесін іздестіріп жатыр. Бұл туралы NUR.KZ порталы "Ладаға" сілтеме жасап хабарлайды.

Көшеден бір бума ақша тапқан ақтаулық тұрғын оның иесін іздестіруде. Көрнекі фото: Хасен
Көшеден бір бума ақша тапқан ақтаулық тұрғын оның иесін іздестіруде. Көрнекі фото: Хасен: UGC

Хасен ақшаны 25 қаңтар күні тауып алған. Ол біреудің қаражатын қалтасына басудың орнына иесіне қайтарып бергенді жөн санайды.

Егер қожайыны жуық арада табылмаса, ер адам қаражатты қайырымдылық қорына өткізбек.

"Бір бума ақшаны тапқан кезде қасымнан өтіп бара жатқан үш адамнан ақшаны жоғалтпадыңыздар ма деп сұрадым. Олар жоғалтпаған екен. Жоғалтқан адам іздеп келетін шығар деп тағы 15 минут күттім.

Біреудің заты керек емес. Иесін тапқым келеді. Қазір қиын заман, бәлкім бұл ақша біреудің жалақысы немесе несиесінің төлемі шығар? Полицияға бұл туралы жазбадым, олар мұнымен айналысып жатады деп ойламаймын", - дейді Хасен.

Хасен қай жерде, қанша ақша жоғалтқанын дәл айтып, ақшасының иесі екеніне сендіре алған азаматқа қаражатын кері қайтармақ. Ақшасын жоғалтқан адам келесі нөмірге хабарласа алады: 8 776 149 46 33.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1713796-kseden-bir-buma-aksa-tapkan-aktaulyk-azamat-ony-iesin-izdestirude/

pixel