Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкент билігі қалада мешіт салуға мүлдем рұқсат бермей отыр

Опубликовано:

Былтыр ОҚО-да бірде бір мешіт құрылысын жүргізуге жер бөлінген жоқ. Бұл туралы бүгін облыстық Сәулет және қала құрылысы басқармасының өткен жылы атқарған жұмыстары баяндалған брифинг барысында айтылды деп жазады Otyrar.kz.

Шымкент билігі қалада мешіт салуға мүлдем рұқсат бермей отыр
Шымкент билігі қалада мешіт салуға мүлдем рұқсат бермей отыр: UGC

Бұдан былай мешіт салуға қадағалау күшейтіледі. Бұл нысанға қажеттілік жоқ дегенді білдірмейді. Мәселе - мешіт салатын демеушілердің таңдауында екен. Себебі, олар көбіне рұқсат берілмеген орындарды сұрайтын болып шықты.

Заңсыз құрылыспен күрес мамандарға да оңай соғып жатқан жоқ. Сондықтан да олар сәулеттік жобаны бекітпей құрылыс жүргізуге рұқсат бермейтін болды.

Айтуларынша, өңірдегі 400-ден аса заңсыз салынған нысандардың тең жартысы қызыл сызықтың бойына түскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1714392-symkent-biligi-kalada-mesit-saluga-mldem-rksat-bermej-otyr/

pixel