Еліміздің бірнеше аймағында қар жауып, көктайғақ болады
Опубликовано:
Атлантикалық циклонмен байланыстырылған жылы ауа массалары Қазақстанға өте баяу жылжуда деп хабарлайды Қазгидромет.

Мұның себебі республиканың ауа-райына суық және қуатты Сібір антициклонының тигізген әсері болып табылады. Бірақ басталған жылуды тоқтата алмайды.
2 және 3 ақпан күндері циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар, Қазақстан аумағы арқылы өтіп, температураның көтерілуін ғана емес, жол-жөнекей боран, қар жауу, қатты батыс желін, оңтүстік аудандарға көктайғақ алып келеді.
Осы кезеңде ауа температурасы климаттық нормаға жуық болады.


Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1714734-elimizdi-birnese-ajmagynda-kar-zauyp-kktajgak-bolady/