Бас мүфти: Әр адам өзгерісті алдымен өзінен бастау керек
Опубликовано:
Әр адам өзгеруді алдымен өзінен басту керек. Астанада Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен өткен кезекті ресми жиналыста еліміздегі дін қызметкерлеріне осындай ұран тастады деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.
![бас мүфти бас мүфти](https://cdn.nur.kz/images/1120/pogudx17njthr53ir8.jpeg)
Жиналысқа бірінші наиб мүфти, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы, наиб мүфтилер – Алау Әділбай, Бауыржан Есмахан, ҚМДБ аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиев, мүфтият қызметкерлері қатысты.
![бас мүфти бас мүфти](https://cdn.nur.kz/images/1120/pogudxfqnco8g3gqe.jpeg)
«Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімнің «Рағыд» сүресінің 11-аятында: «Қайбір қауым өзін-өзі өзгертпейінше Алла оны өзгертпейді», – деп баяндаған.
Жаңа қызметімде дін қызметкерлері арасында «Өзгеруді өзіңнен баста!» деген ұран тастаймын. Егер адам өзгерсе, оның көршісі өзгереді. Одан кейін қоғам өзгереді. Бұл мәселеде әр адамның ойы, сана-сезімі өзгеруі маңызды», – деп атап өтті Бас мүфти Серікбай қажы Ораз.
![бас мүфти бас мүфти](https://cdn.nur.kz/images/1120/pogudx6gs8i7abc3l.jpeg)
ҚМДБ төрағасы С.Сатыбалдыұлы наиб мүфтилерге осы бастама аясында кешенді бағдарлама қабылдап, игі жобаларды жүзеге асыруды тапсырды.
![бас мүфти бас мүфти](https://cdn.nur.kz/images/1120/pogudx7vtlqt9vt41.jpeg)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1714826-bas-mfti-r-adam-zgeristi-aldymen-zinen-bastau-kerek/