Top.Mail.Ru
RU
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Ақтөбелік мұғалімдер балаларына орамал таққан ата-аналарды сотта жеңіп шықты

Жарияланған күні:

Бүгін Ақтөбе облысының бас ұстазы соңғы кездері білім саласын даурықтырып жіберген орамал мәселесінің жағдайын хабарлады. Өңірдегі орамалды оқушылардың ата-аналарына жаппай айыппұл салынып жатыр.

Ақтөбе облысы білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева соттасып жүрген орамалды оқушылардың ата-анасына қатысты жағдайды баяндады.

"Орамал мәселесіне қатысты ата-аналардың мектепті сотқа беру жағдайы болды. №49, №8, №36, №13 мектептерінің ата-аналары ұстаздарды сотқа берді. Сот шешімімен ата-ана арызы қанағаттандырылған жоқ. Мектептің ішкі тәртібі орындалу керек деген шешім беріліп отыр. Қазіргі уақытта бақылау департаменті балаларын мектепке жібермей, ішкі тәртіпке бағынбай отырған ата-аналарға айыппұл салып жатыр. Қазір Қарғалы ауданы, Ақтөбе қаласы және Шалқар ауданында айыппұл салу жұмыстары жүргізілуде. Бірінші жағдайда 5 АЕК, әріқарай тәртіп орындалмайтын болса, ол 10 АЕК көлемінде болады", - дейді Ләззат Оразбаева.

Білім басқармасының мамандары орамалды оқушылардың сабаққа келмей жатқанына алаңдаулы. Бас ұстаз мектеп оқушысының онлайн сабақ ала алмайтынын да кесіп айтты.

"Мектептегі оқушыға орамал тақтырамыз деген ата-аналардың балалары сабаққа келмей отыр. Сондықтан, балалардың мектепке келмегені үшін де ата-ананың жауапты болатынын ескеру керек. Егер балалар ұзақ уақыт сабаққа келмейтін болса, оларға тоқсандық баға шығарылмайды. Бұл бала стандарты білім беруден қалып қойды деген сөз ол келесі сыныпқа көше алмайды.
Қазіргі уақытта бізде 15-тен аса ата-ана Алматы және Шымкент қаласына балаларын алып кетті. Олар қыз балаларға арналған мектепке баратындарын айтты. Ал онлайн сабаққа қатысатынын айтып талон сұраған баланың құжатын бере алмаймыз. Себебі қазір білім министрлігінің бұйрығы бойынша мектеп оқушысының онлайн сабақ алуына құқы жоқ. Бала мектеп партасында отырып сабақ алу керек", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1714857-aktbelik-mgalimder-balalaryna-oramal-takkan-ata-analardy-sotta-zeip-sykty/

Жарияланымға реакцияңыз?

Соңғы пікірлер

Барлық пікір саны: 4

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

Аноним

қыздардың обалына қалған екен сотта,мұғалімдері де

Comment reaction

Аноним

балаларына теріс үгіт жүргізгені үшін 100-200 аек көлемінде айып пұл салу керек,болмаса іс қозғау қажет

Comment reaction

Аноним

Әттең дәл бүгін халықаралық орамал тағу күні

Аноним

дурыс шешим.мектеп формасында журиу керек.

jitsu gif