Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда екі жасар бала әжесін минус 35 градус аязда балконға қамап қойған

Опубликовано:

Қарағандыда қақаған аязда екі жасар бала әжесін балконға "қамап" қойып, минус 35 градус суықта үсіре жаздады деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ҚазАқпарат
Фото: ҚазАқпарат: UGC

Абырой болғанда, 65 жастағы зейнеткерді жолда өтіп бара жатқан адамдар байқап қалған. Ол бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатыныдағы балконнан көмек сұрап айқайлаған екен.

Немересінің тентектігінен қамалып қалған әжей көшедегі жолаушылардан құтқарушы шақырып беруін өтінген.

"Қарағанды облыстық төтенше жағдай департаментіне 65 жастағы қарияның Пришахтинск көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде қамалып қалғаны туралы хабарлама түсті», - дейді Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Егер көшедегі көмекшілер қарияны көріп қалмаған жағдайда оны үсік шалу қаупі бар еді. Онымен қоса ол газ пешінде сорпа қайнатып жатқан екен. Екі жасар немересі сол тамаққа күйіп қалуы да әбден мүмкін еді.

Құтқарушылар оқиға орнына барып, есікті бұзып, қарияны құтқарған. Дәрігерлер зейнеткерді қарап, оның жағдайы дұрыс екенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1714938-karagandyda-eki-zasar-bala-zesin-minus-35-gradus-aazda-balkonga-kamap-kojgan/

pixel