Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шетелдік жігіттің соңынан ерген қазақ қызы өздерін «сатқын» дегендерге жауап берді

Опубликовано:

Арайлым Әлімхан есімді журналист әрі блогер Instagram парақшасында өзге ұлтпен бір көлікте отырған қазақ қызын ұрып, видеоға түсірген Жәнібек Иманмәзірге хат жазды. Арайлым хатында өзге ұлтқа тұрмысқа шыққан қыздарды «сатқын» дегендерге жауап беріп, алдымен өзге ұлттан қыз алған қазақ жігіттерін тезге салуға шақырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Арайлым сүйіктісімен. Фото: Instagram
Арайлым сүйіктісімен. Фото: Instagram: UGC
«Құрметті Жәнібек мырза, сіздің ұлт үшін "қазақ xалқы" деп әр жерден патриоттық сезіміңізді білдіріп жүргеніңіз құптарлық іс екен. Алайда, сонау үлкен басыңызбен: «Әр қазақтың қызын шетелдікке бермеймін, өзге ұлт өкілін таңдаған әр қазақ қызы арсыз» деген сөздеріңізге келіспеймін. Шетелдік жігіттің соңынан ерген қазақ қыздарының бірі мен боламын және өзімнің болашақ жарымды мақтан тұтамын. Сіздің жасыңызда жаман ұлт болмайтынын, жаман адам болатынын түсінетін уақыт келді емес пе?
Жарайды, мұны түсінбейді делік. Ал енді Заң алдыңда бұл да үлкен қателік екенін білмеп пе едіңіз? Біз көпұлтты әрі көп дінді бейбіт және зайырлы мемлекетте тұрамыз. Сіздің мына қылықтарыңыз ұлтаралық араздастыққа жатады және ашуы келген адам сіздің үстіңізден арыз жазса ертең бір емес бірнеше баппен сотталып кетуіңіз мүмкін»,- деді ол.

Арайлым Жәнібекке қазақ ұлтына қатты жанашыр болса, ең алдымен қазақ жігіттеріне жанайқайын жеткізуді айтты.

«Жә, мұған да қош делік. Күйеуге тие алмай жүрген барлық қыз-келіншекті жинап алып қайтпексіз? Бізде Заң бойынша тоқал алуға болмайды, яғни көп әйел алушылық дегеніміз көңілдестің санын арттыру. Егер соншалықты "намысшыл батыр" болсаңыз, қазақтың қанын құрттыңдар деген жанайқайыңызды есітісін десеңіз, басқа ұлтқа үйленетін жігіттерден бастаңыз. Неге жат жұрттық қызға тиісесіз де, басқа еркекке сөз айта алмайсыз? Жесір, ажырасқан не балалы келіншектер шетелдікке тисе оның несі айып? Біреудің жеке өміріне қол сұғып, кейбір видеода бет жыртысудасыз? Бұл біздің Ата Заңымызға қайшы емес пе? Керемет қазақ жігіті, намысшыл болсаңыз үлгілі азамат ретінде өзіңізді көрсетпейсіз бе? Дікең-дікең етіп, бейтаныс қызды қолыңызбен түрткеніңіз не сұмдық? Мұсылман болсаңыз ауызыңызды неге бағып сөйлемеске?»,- деп жазды блогер.

Арайлым Әлімхан жүрегінде иманы бар шетелдік жігітті таңдағанын айтты. Ол «жаман ұлт болмайды, тек жаман адамдар болады» деді.

«Мен ауызынан шөлмегін түсірмейтін, қатын мен бала-шағасын ұратын, қазақтың жап-жас қыздарын қорлап зорлайтын имансыз кейбір қазақтың жігітін емес, жүрегінде иманы бар шетелдік жігітті таңдадым. Барлық қазақ жаман демеймін. Сол аз ғана қазақты біріне-бірін қарсы қойып отырған сізді жаман деймін. Сіздей заң мен тариxтан еш xабары жоқ адамдар елімді артқа тартып, мемлекетіміздің өсуіне өзінің кері әсерін тигізері сөзсіз. Тоқетерім, ешқандай xалық "таза" бір ұлттан тұрмайды, қан әрдайым алмасып отырған.

Сосын қазақтар өз қыздарын алыс-жақын жатқан барлық xалықтарға ұзатып отырған. Бұл мемлекеттер арасындағы достастық үшін жасалған. Түк көрмей, дым білмей өссеңіз енді надандығыңызды бүкіл xалыққа паш етпей сабыр сақтасаңыз игі»,- деді бойжеткен.

Арайлымның жазбасын оқыған желі қолданушыларының көпшілігі оның пікірімен келісетіндерін жеткізді.

Еске салсақ, бұдан бірнеше күн бұрын Жәнібек Иманмәзір есімді желі қолданушысының өзге ұлт өкілімен көлікте отырған қазақ қызын ұрып, видеоға түсірген сәті желіде тарап кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1715002-seteldik-zigitti-soynan-ergen-kazak-kyzy-zderin-satkyn-degenderge-zauap-berdi/

pixel