Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде романтик жігіттің әрекеті жұртты таңғалдырды

Опубликовано:

Ақтөбеде сүйіктісіне сөз салмақ болған романтик жігіт жоғарғы қабаттағы балконға кранмен көтеріліп, жұртты таңғалдырды. Бұл туралы КТК телеарнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото желіден алынды
Көрнекі фото желіден алынды: UGC

Қарсы үйдегі көршілері бұл көрініске қызыққаны сонша таспаға түсіріп, әлеуметтік желіге таратып жіберген. Ақтөбелік жігіт сүйіктісін таң қалдыру үшін автокран жүргізушісімен келісіп, қолындағы шарымен жоғарыға көтеріледі.

Сөз салған жігіттің сезіміне қыздың не деп жауап бергені белгісіз. Бірақ мамандар жігіттерден мұндай батылдыққа бара бермеуін сұрайды. Өйткені биіктіктен аяғы тайып, құлап кетуі де мүмкін. Майып болмас үшін сақтанған жөн дейді құтқарушылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1715543-aktbede-romantik-zigitti-reketi-zrtty-tagaldyrdy/

pixel