ШҚО-да спортшы қыз жаттығу кезінде ауыр жараланып, комаға түсті (фото)
Опубликовано:
Жаттығу кезінде жарақат алған 19 жасар өскемендік спортшы Надежда Соснова ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды Устинка LIVE-қа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Оқиға «Алтай тау шаңғысы» базасында болды. Спорт жаттығуы кезінде жоғары жылдамдықпен келе жатқан спортшы қыз бір сәтте орманға қарай ұшып кетеді.
Туыстарының айтуынша, Надежданың ішкі ағзалары қатты жарақат алған.

Атап айтар болсақ, бауыры жарылып, бас-ми жарақаты мен қоса, әр түрлі сынықтар болды, деп жазады Altaynews.kz.
№1 қалалық аурухананың дәрігерлерінің ақпараты бойынша, жарақаттан кейін спортшы комаға түсіп, жан сақтау бөліміне жатқызылды.

Ол қан құюды қажет етті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Кейінірек туыстарының мәлімдеуінше, спортшы есін жиған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1715911-sko-da-sportsy-kyz-zattygu-kezinde-auyr-zaralanyp-komaga-tsti-foto/