Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Енді төрт балалы отбасыларға ай сайынғы жәрдемақы берілмейді

Опубликовано:

Жәрдемақы төлеуге қатысты жаңа өзгеріс бойынша қазынаның балаға төлейтін төлемі қанша пайызға өсті? 2018 жылдан бастап төрт балалы отбасы көп балалы деп есептеле ме? Осы және өзге де сұрақтарға elorda.info сайты жауап іздеп көрген.

Енді төрт балалы отбасыларға ай сайынғы жәрдемақы берілмейді
Енді төрт балалы отбасыларға ай сайынғы жәрдемақы берілмейді: UGC

Жөргекпұл – 91390 теңге

Иә, әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы жаңа жылдың басынан бастап азаматтарға жаңа мөлшерлеме тағайындады. Елімізде әлеуметтік жәрдемақы, әсіресе, әйелдерге көп төленеді. Бір бала туса да, бірнеше бала туса да, белгіленген тәртіппен таға-йындалады. Биыл бірінші, екінші және үшінші бала туғанда 91390 теңге жөргекпұл беріледі. Төртінші және одан көп туғанға 151 515 теңге тағайындалған. Сала мамандарының айтуынша, егіз немесе үшем дүниеге келген жағдайда, бір реттік жәрдемақы әр балаға жеке төленеді. Әрине, оның мөлшері туу кезектігіне байланысты жүзеге асырылады.

Аналар үшін бала 1 жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне берілетін жәрдем¬ақының көмегі көп. Ол екі жолмен тағайындалады. Жұмыс істей жүріп, декреттік демалысқа шыққан әйелдер ай сайын айлығының 40 пайызын алып отырады. Оны Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры төлейді. Мөлшеріне келсек, бала туу алдындағы соңғы 24 айға әлеуметтік аударымдар жүргізілген, орташа айлық кірісінің 40 пайызын құрайды. Ал жұмыссыз әйелдерге жәрдемақы республикалық бюджет есебінен төленеді.

Төрт бала – көп бала ма?

Елімізде осы уақытқа дейін төрт бала туған аналарға ай сайын 9500 теңге көлемінде жәрдемақы беріліп келді. Ал биылдан бастап төртінші баласын босанған әйелдерге бұл тағайындалмайтын болды. Көпшілікті алаңдатқан мәселе – осы. Өйткені көптің көкейінде төрт бала енді көп балалы отбасы емес деген түсінік қалыптасты.

Бұл ретте "Биыл төртінші баласын туғандар "көп балалы отбасы" санатына жата ма?" деген сауалымызға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаментінің бас сарапшысы Асқар Ниязов жауап берді. Оның айтуынша, көп балалы отбасы түсінігі қолданыстан алынған жоқ. Төрт және одан да көп баласы барлар көп балалы отбасына жатады. Енгізілген өзгеріс бойынша 2018 жылдан бастап бұған дейін ай сайынғы берілетін жәрдемақы енді тағайындалмайды. Өйткені осы санаттағы аз қамтылған отбасылар үшін атаулы көмектің жаңа форматы шықты.

"Бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған отбасыларға ұсынылатын арнаулы мемлекеттік жәрдемақы 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін тағайындалған отбасылар үшін сақталады" дейді ол.

Бұл ретте, көп балалы отбасы¬ларды мемлекеттік қолдау аясында жергілікті органдардың шешімімен айқындалатын қосымша қолдау шаралары, яғни қоғамдық көлікте жеңілдікпен тегін жүру, тұрғын үй алуға кезекке тұру секілді мүмкіндіктер сақталатынын айтуымыз керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1716145-endi-trt-balaly-otbasylarga-aj-sajyngy-zrdemaky-berilmejdi/

pixel