Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кейбіреуі шегеді: Жат ағымнан шыққан ақтөбелік жігіт "намазхандар" туралы айтты

Жарияланған күні:

Ақтөбеде дәстүрлі дінді мойындаған жігіт шөп шегіп жүріп, Алланы айтатын жолдастарынан жиіркеніп кеткенін айтты деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ.

Кейбіреуі шегеді: Жат ағымнан шыққан ақтөбелік жігіт "діндар достары" туралы айтты
Кейбіреуі шегеді: Жат ағымнан шыққан ақтөбелік жігіт "діндар достары" туралы айтты: UGC

Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешіті жат ағым өкілдерімен жасаған жұмысы туралы жариялады. Дін өкілдері адасқан топпен жекелеген кездесулерді көбейткен. Нәтижесінде дәстүрлі дінді мойындаған азамат өз шындығын айтып беріпті.

«Қателеспесем, ІІ курста оқып жүрген кезім. Дінге деген қызығушылығым оянды. Абдуғаппар Сманов, Дарын Мубаровтың уағыздарын тыңдадым. «Намаз оқып үйренейік!» деген кітапша сатып алып, намаз оқуды үйрендім. Бірақ кейін бірер намазхан бауырларым бұлай оқу дұрыс еместігін айтты.

Солардың айтуы бойынша, намазды қайта-қайта қол көтеріп оқып, әминді сырттай айтатын болдым. Сақал қойдым, балақты қысқарттым. Әйелім де арнайылап ниқаб кимесе де, орамалының шетімен бетін жауып, бүркеніп жүрді.

Қазір ойлап отырсам, бастапқыда бізде сыртқы келбетке деген еліктеушілік басым болған сияқты. Солар не жасаса, соны қайталадық. Діннің дұрысы осы деп ойладық», - деп ағынан жарылған дәстүрлі дінге оралған жігіт.

Бірнеше жыл жат ағымды ұстанған жігіт теологтармен сөйлескеннен кейін шөп шегіп, Алланы танып жүрген жолдастарынан түңіліп кеткен.

«Бауыржан Әлиұлы есімді ұстаз менімен жеке сөйлесіп, намазды қалай оқитыным, дәретті қалай алатыныма дейін сұрады. Бәрін жасырмай айттым, қарсылық танытқан жоқпын. Ол маған бұрын намаз үйреткен жігіттердің адасып жүргенін және Алланы тануда да қателіктері бар екенін түсіндірді.
Осы кездесуден кейін көп ойландым. Онсыз да соңғы кезде намазхан таныстарымның кейбір істері маған ерсі болып көрінетін. Суннамен жүреміз дейді, бірақ екі сөзінің бірі былапыт-боғауыз. Кейбіреуі шегеді деп те еститінмін. Қарыз алса, қайтармайды. Адамға оңай жала жаба салады. Көздерінде түк мейірім жоқ. Шыны керек, осыдан кейін олардан жиреніп кеттім», - дейді ол.

«Нұр Ғасыр» мешітінің ресми сайтындағы мәліметте жігіттің қазіргі уақытта діни сауат ашу курсына барып, ұстаздардан сабақ алып жүргені айтылған. Әйелі де бүркенгенін шешкен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1716270-kejbireui-segedi-zat-agymnan-sykkan-aktbelik-zigit-namazhandar-turaly-ajtty/