Top.Mail.Ru
RU
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Жалғыз ұлынан айырылған журналист Сәуле Әбединованың жазбасы елді жылатты

Жарияланған күні:

Танымал қазақ журналисі Сәуле Әбединова күні кеше жалғыз ұлының қырқын беріп, құран бағыштады. Жаны жабырқап, қайғыдан қан жұтқан ана Facebook парақшасына жазба қалдырып, елді жылатты.

Жалғыз ұлынан айырылған журналист Сәуле Әбединованың жазбасы елді жылатты
Жалғыз ұлынан айырылған журналист Сәуле Әбединованың жазбасы елді жылатты: UGC
“Менің бойымда бүгінде екі Сәуле өмір сүріп жүр – баласы өлгенге дейінгі Сәуле және баласы өлгеннен кейінгі Сәуле… Кейде өзімді алдарқатып, түк болмағандай, баласы өлгенге дейінгі төрт құбыласы түгел Сәуленің кейпіне енемін… Ондайда “үш арсыз” мені билейді…

Тіпті, осы ФБ-ға кіріп, посттарды, мақалаларды оқимын, музыка тыңдаймын, ұнаған дүниелерге бармағымды басамын, бөлісемін…Ұнамаған нәрселерге күйіп-пісіп, боқтаймын, “төбелесемін”.

Иә… Бір қарағанда, сол баяғы өздеріңіз білетін “ақылы аз, эмоциясын тежей алмайтын” Сәулемін… Алайда… Мойындаймын… Мен мың жерден бұрынғы Сәуле болып көрінгім келсе де… бұрынғы Сәуле емеспін… Ішімде бір өзек үзіліп түскен, ішім өліп қалған Сәулемін… Өмірге бұрынғыдан мың есе ашынған Сәулемін…. Иә…Мен қара жамылып, баламды жоқтап аза тұтқалы 41 күн…

Құлынымды жер қойнына тапсырғалы 40 күн…Балапаным-ау, суықты ұнатпаушы едің ғой…тоңғақ едің ғой…қалай жатырсың мынадай аязда қара жердің астында…
Қараңғыны жек көруші едің ғой….қалай жатырсың тас қараңғы қабірде……

Ол суықты дәл мендей жек көретін…Ол өлген күннен бастап, өмірдің аязына табиғаттың аязы қосылып, жанымды да, тәнімді де қарып өтті…Жаным дертті, жүрегім мұз…Жетсем деген армандарына жете алмады…Көрсем деген бақытымды көре алмадым…

“Тым болмаса түсіме кірші” деп жалынғаныма 40 күн болды…Түсіме де кірмейді…Не дұрыс ұйқы жоқ…

“Тағы түн….

Тағы менен ұйқы қашты,

Қайтемін қаңыраған күйкі басты?!.

Алдымда мынау фәни тыржалаңаш,

Шығарып тілін маған, сиқын ашты…”

Осыншама ауыр сынақты берген Құдай сол сынақты көтере алатын қуат та беретін шығар. Абзалым… Абызым-қобызым… “Анашым” деген сөзіңді сағындым… “Мамуля, мамуся, мазе” деген сөздеріңді сағындым… “Сәке” деген сөзіңді сағындым…“Сәукентай” деген сөзіңді сағындым… Тым болмаса түсіме енші, құлыным. 41 күн. Бара ғой, ботам…. Ақ сүтіме ырзамын… Алла алдыңнан жарылқасын! Мен, Анаң, талбесікте тербеттім… Жер-Анаң жербесікте тербетсін!…

Мен өзгердім… Енді бір кездегі төрт құбыласы түгел Сәуле жоқ. Ендігі Сәуле – басқа Сәуле. Бұрынғыдан жүз есе ақымақ. Бұрынғыдан жүз есе эмоционалды. Өмірге бұрынғыдан жүз есе құштар, өмірді бұрынғыдан жүз есе сүйетін. Бұрынғыдан жүз есе бақытты болатын Сәуле келді. Сәлеметсіздер ме! Қайырлы таң, Сәуле! Өмірді қайта бастаймыз ба??? Кеттік!!!", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1716836-zalgyz-lynan-ajyrylgan-zurnalist-sule-bedinovany-zazbasy-eldi-zylatty/

Жарияланымға реакцияңыз?

Соңғы пікірлер

Барлық пікір саны: 18

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

Аноним

Сəуле ханым балаңыздың жатқан жері жайлы болсын! Қайғыңызға ортақпыз. Алла тағала сізге сабыр берсін!

Comment reaction

Аноним

АЛЛА!!! Балаңызды алдынан жарылқағай, иманды болғай !!! жатқан жері жайлы , топырағы торқа болғай. Сəулежан сізге АЛЛА сабыр берсін, бекем бол !!! замандасым. АЛЛАның ісіне шара жоқ.

Comment reaction

Аноним

Жазғандарыңызға емес, суреттеріңізге қарап-ақ жылай бергің келеді. Бекем болыңыз. Иманды болсын.

Аноним

Иманды болсын! Жаткан жери жайлы болсын!

Аноним

Балаңыздың иманы саламат болсын жатқан жері жайлы топырағы торқа болсын .Әрине өкінішті сізге алла тағала сабырлылық берсін !!!

Аноним

жаткан жери жайлы ,топырагы торка болсын. аумин

Аноним

Иманды болсын! Жап-жас жигит неден кетти екен? Ауырды ма алде баска нарсе ма?

Аноним

Көзіңе жас алмай отырып мына жазбаны оқу мүмкін емес. Жатқан жері балаңыздың жайлы болсын. Әрине іштегі куйініш жеп барады ғой.

Аноним

Жатқан жері жайлы, топырағы торқа барар жері жәннәт болғай аумин!!!

Аноним

Как я вас понимаю, ничего не утешит, но мы все там будем, надо прожить эту жизнь чтобы сын там радовался за вас. Отпустите его с миром, чтобы встретиться вновь. Души не умирают. Я видела свидетельства.

Аноним

Әссәләмуғалейкум! Анасы баласы үшін дұғасын маңдайы сәждеде жатып (намазда) Алладан сұраса: жатқан жерін жайлы, қараңғы-суық қабірін жарық-жылу ету, жаны жәннатта болуын, періштелердің сұрағына мұсылман болып жауап беруін нәсіп етсін. Әмин!

Аноним

Әссәләмуғалейкум! Анасы баласы үшін дұғасын маңдайы сәждеде жатып (намазда) Алладан сұраса: жатқан жерін жайлы, қараңғы-суық қабірін жарық-жылу ету, жаны жәннатта болуын, періштелердің сұрағына мұсылман болып жауап беруін нәсіп етсін. Әмин!

Аноним

Аташым дегізсе де Боташым дегізбесін деген ғой. Бвла адамның бауыр еті. Ауыр қаза ғой. Бекем бол құрбым. Алдынан жарылқасын де.

Аноним

Алла тагалла алдынан жарылкасын. Сауле ишки шерин шыгарып жаткан шыгар, тусинистикпен карайык адамдар

Аноним

Адамның шын қайғысы, ішінде болушы еді, мына жазбаларды оқуға, біртүрлі ыңғайсыз екен.

Аноним

Бұл ішіндегі жан айқайы ғой...қайтсін...баласының иманы жолдас болсын!

Аноним

Иманды болсын! Беким болыныз.

Аноним

Бекем болыңыз,бұл жан жарасы мəңгілік есте қалады. Алайда тірі адам тіршілігін жасау керек,бірге еріп кете алмайсыз. Алланың əр адамға өлшеп берген жасын сүру керек.Алланың ісіне шара бар ма.....

jitsu gif