RU

ОҚО әкімдері адамдар жерленген киелі орындарды байларға сатып жіберген

ОҚО әкімдері тарихи маңызы бар киелі орындарды бақуатты азаматтарға сатып жіберген Атқамінерлердің бұл әрекетіне ашынған тұрғындар талай жылдар бойы құзырлы орган өкілдеріне арыз жазып, халыққа тиесілі жерлерді қайтара алмай жүр деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

ОҚО әкімдері адамдар жерленген киелі орындарды байларға сатып жіберген
ОҚО әкімдері адамдар жерленген киелі орындарды байларға сатып жіберген: UGC

Ең сорақысы, бай-бағландардың меншігіне өткен аумақтарда адамдар жерлен. "Мазарлар бүгінде сауық-сайран құратын орынға айналған" деп ашынады тұрғындар.

Төлеби ауданы Алатау ауылдық округінің шаруалары 2009 жылы шаруа қожалыққа бірігіп, жайылым жерлерді заңдастыру үшін ауданық әкімдікке құжаттарын тапсырған. Арада бірнеше жылдар әкімдіктер халыққа тиесілі жерлерін бермей, созбалаңға салып отырған көрінеді.

Айтуларынша, 2012 жылы Төлеби ауданының әкімі болған Әуелхан Тұрғымбеков және аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев жерлерін аудан қорына өткізіп, конкурс арқылы жерлерді таратып беруге рұқсат берген дейді шаруалар.

"Бұрынғы аудан басшылары он екі елді мекеннің жайылым жерін тартып алып, күн көрісінен айырып отыр. Кооперативте бастапқыда 4900 гектар жер болған, олардың құжаттарын бермей Мұхит Әлі (ауданның сол кездегі әкімі) 800 гектар жерді бірінші болып қол сұққан. 2011-2012 жылы .... жарияланған мораторийге қарамастан аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев 16 адамға жер телімдерін үлестірі берген. Жерді сатып алғандардың ішінде фирма басшылары және өзге де бақуатты азаматтар бар."-дейді "Игілік" СТК басшысы Ғалымжан Ибрагимов.

Сондай-ақ, байлардың меншігіне өткен жерлерде тарихи маңызы бар орындарда да бар.

Мәселен, жергілікті тұрғындар Төлеби ауданы, Біркөлік елді мекеніндегі Жаман тас әулиесі орналасқан жерді сатып жібергенін айтады. Бұған қоса Шұбар ағаш ауылындағы "Көктерек әулиесі" мазаратын 2012 жылы конкурс негізінде әкімдер Бақыт Садырбаев есімді Шымкент қаласының тұрғынының иелігене берген. неді.

Киелі орындарды саудалаған Алатау ауылының әкімі Болысбек Ерімбетовтың үстінен ауыл халқы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық Бюросы департаменітіне арыз жазған.

Осы іске қатысы бар Төлеби аудандық ауыл шаруашылық бөлімі бастығының бұрынғы орынбасары Тұрғынбек Жеткеровтың үстінен қылмыстық іс қозғалып, бес жылға қамауға алынған. Сонымен қатар, Алатау ауылдық округінің бұрынғы әкімі Бөкен Байсапаровтың үстінен алаяқтық бойынша іс қозғалып, қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Ал қазіргі аудан басшылары сол кезде болған қателікті растап отыр. Шаруалардың жерін өзіне қайтару үшін қазір арнайы комиссия мүшелері құрылған. Дегенмен бұл мәселенің жақын арада шешілуі екі талай сияқты. Өйткені, шаруалардың еншісіндегі мыңдаған гектар жерді кәсіпкерлер демалыс аймағына айналдырған. Бір сөзбен айтқанда, қарапайым халықтың жері іскер азаматтар үшін бизнес көзіне айналған.

"2012 жылы Алатау ауылдық округінің әкімі Болысбек Есімбетов 2880 гектар жерді конкурсқа ұсынды. Кейін халық қалаулары біздің бұл бастамамызды мақұлдады. Конкурс кезінде "Игілік" СТК жерлерді ұтып алды. Сол кезде ауыл әкімі жерді толық конкурқса ұсынса, біз жерлерді шаруалардың меншігіне берер едік" , -дейді Төлеби аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев.

Осылайшажер дауын ауыл әкіміне сілтеген Сержан Дүйсебаев заңсыз әрекеттерге қатысы жоқ екендігін айтып өзін ақтап алғысы келді. Бірақ мыңдаған гектар жерінен айрылған шаруалар аудан басшыларының заңсыз тірліктерге қатысы бар екендеріне сенімді.

Материал ҚР құқықтық заңнамасына сәйкес қорғалған. Материалды көшіріп басу, тарату немесе өзге де мақсаттарға пайдалану үшін редакцияның рұқсатын алу керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1717118-oko-kimderi-adamdar-zerlengen-kieli-oryndardy-bajlarga-satyp-zibergen/