Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде мектеп директорын сотқа берген ата-ана арызын қайтып алған

Опубликовано:

Ақтөбеде орамалды даулап мектепті сотқа бергендер арыздарын қайтып алып жатыр. Бүгін Ақтөбе қалалық сотында мектепке орамал тағып келетін оқушы мәселесі қайта қаралды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбеде орамал үшін мектепті сотқа бергендер арыздарын қайтып алуда
Ақтөбеде орамал үшін мектепті сотқа бергендер арыздарын қайтып алуда: UGC

«Баламды орамалмен мектепке кіргізбей жатыр» деп сотқа жүгінгендер ойларынан айнып қалған. Сот болатын күні қайта арыз жазған талап қоюшы тарап істі қараусыз қалдыруды сұрады.

«Талапкер тарапынан талап арызды қараусыз қалдыруды сұраймын деген өтініш бар. «Арызды қараусыз қалдырып, құжаттарды қайтаруыңызды сұраймын» деген арыз түсіп отыр», - деді судья Айна Әбдіраева.

Іс Ақтөбе қаласындағы №10 мектеп директорының үстінен түскен болатын.

Ақтөбеде мектеп директорын сотқа берген ата-ана арызын қайтып алған
Ақтөбеде мектеп директорын сотқа берген ата-ана арызын қайтып алған: UGC

Баласын мектепке орамалмен жіберуді сұраған ата-ана сотқа арызданып, оны қайта қайтып алып отыр. Мектеп директорының қорғаушысы арызды қараусыз қалдырған күнде талапкердің қайта шағымдануға құқы барын ескертіп, арызды алғашқы негізде қарауды сұрады.

Кеңесу бөлмесіне барып келген судья азаматтың құқығы бар екенін ескертіп, істі қараусыз қалдырылатынын айтты.

Сотқа қатысушы ретінде басқа мектептің ата-аналары да келді. Өздерінің орамалды оқушылардың ата-анасы екенін ескерткен сақалды жігіттер балаларын қосымша сабақтар арқылы оқытып жатқанын айтты.

Қазіргі уақытта Ақтөбе қаласында баласын мектепке жібермей отырған екі оқушының ата-анасына Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 409-бабының 2-тармағында көрсетілген («Ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің білім беру заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы») заңнаманы бұзғаны үшін айыппұл салынған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1717237-aktbede-mektep-direktoryn-sotka-bergen-ata-ana-aryzyn-kajtyp-algan/

pixel