Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылық «қызтекелер» ғашықтар күніне орай арнайы бейнероликке түскен

Опубликовано:

Алматылық қызтекелер өздерінің махаббат хикаяларынан баяндайтын роликке түскен деп хабарлайды Есіл медиаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Алматылық «қызтекелер» ғашықтар күніне орай арнайы бейнероликке түскен
Алматылық «қызтекелер» ғашықтар күніне орай арнайы бейнероликке түскен: UGC

Бейнероликте Әмір Шәйкежанов пен оның «сүйіктісі» араларындағы махаббат туралы айтып, күні бүгінге дейін бір-біріне деген құрметі мен ізеті төмендемегенін әңгімелеп берген.

«Мен бұл әрекетіме еш қымсынбаймын, керісінше, осы жолды таңдағанымды мақтан тұтамын. Әрине, біздің қоғамдағы қызтекелерге деген көзқарасты білеміз, оларды ешкім жақтырпайтынынан да хабардармыз, бірақ, сонда да осылай өмір сүріп жатқаныма еш өкінбейміз. Кәдімгі қарапайым жұптар сияқты біз де кино, дәмханаларға бірге барамыз, бірге қыдырамыз»,-деп бейнероликте қос ғашық ағынан жарылған.

Айта кетейік, Әмір Шәйкежанов халықаралық қызтекелер шеруінде Қазақстанның туын көкке көтерген алғашқы қызтекелердің бірі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1717305-almatylyk-kyztekeler-gasyktar-knine-oraj-arnajy-bejnerolikke-tsken/

pixel