Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Зиян келуі де мүмкін": Министр Ермекбаев дінді дәрімен салыстырды

Опубликовано:

Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев діннің пайдасын дәрімен салыстырды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Министр Ермекбаев дінді дәрі-дәрмекпен салыстырды
Министр Ермекбаев дінді дәрі-дәрмекпен салыстырды: UGC
"Біз ресми түрде және нақты жариялаймыз: мемлекет дін немесе сенімге қарсы емес, бірақ оны дәріптеумен де айналыспайды. Дін мейірім шашуы керек, оның пайдасын дәрімен салыстыруға болады. Негізі дәрі пайдалы болады, бірақ дұрыс емес немесе тым артық қолданса, пайда емес зиян келуі мүмкін", — деді министр ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында.

Ермекбаев министрлік діни бірлестіктерді өзінің сенімді серіктесі көретінін атап өтті.

"Дін саясиланбауы керек. Діни біліктілік тиісті тәрбие және саяси сауаттылықпен сүйемелденіп, сындарлы көзқараспен қабылдануы тиіс. Қоғамдық пікірталас барысында сарапшылар, діни бірлестіктер мен мемлекеттік органдар осындай тұжырымға келді. Қазіргі кезде дін саласында басымдық түсіндіру және алдын алу жұмыстарына берілуде", — деді ол.

Ведомство басшысы мемлекет діни бірлестіктердің мәселелеріне араласпайтынын, алайда заңның сақталуын қатаң бақылауда ұстайтынын айтты.

"Дінді деструктивті және саяси мақсаттарда пайдалануға жол берілмейді. Мемлекет барлық заңды жұмыс жасап тұрған діни субьектілердің мүддесін қорғайды, діндарлардың құқықтарын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, діни фанатизм мен экстремизмге жол бермейді. Мемлекет діни бірлестіктердің канондық және діни мәселелеріне араласпайды. Бірақ заңдардың сақталуын қатаң бақылайды", — деді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1718160-zian-kelui-de-mmkin-ministr-ermekbaev-dindi-drimen-salystyrdy/

pixel