Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қара Қайрат пен Алмас: "Төрт ағайынды" ісіне қылмыс серкелерінің қатысы бар ма?

Опубликовано:

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Төрт ағайынды» деген атымен елді шулатқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты кезекті сот отырысы өтті деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Қара Қайрат пен Алмас: "Төрт ағайынды" ісіне қылмыс серкелерінің қатысы бар ма?
Қара Қайрат пен Алмас: "Төрт ағайынды" ісіне қылмыс серкелерінің қатысы бар ма?: UGC

Сотқа шақырылған куәгерлердің дені кен орындарында жұмыс жасайтындар. Олар сотталушылардың аттарын жекелеп айтып, қорыққандарынан мұнайды өздері тиеп берген.

Айтуларынша, қылмыстық әрекеттер туралы мұнай компаниясының басшылары да хабардар. Сотталушылардың қорғаушылары осы мәселені нақтылауға тырысты.

Сонымен қатар «Байғанин жігіттерінен қорыққанымыздан мұнай саттық» деген куәгерлердің сөзі айыпталушылардың ашуын туғызды.

«Кен орындарында «бандиттер» бар, біз қорқамыз деп айттың. Байғанин аумағының «бандиттері» дедің. Шынымен қаншалықты қорықтыңыздар? Сенде қандай мәселе болды соны айтшы? Қалада «Төрт ағайындыдан басқа ұйымдасқан топтарды білесің бе? Алмас, Айбек, Қара Қайрат дегендерді танымайсың ба?», - деді сотталушы Мұрат Тұржанов.

Сотталушының сауалына сот төрағасы да, прокурор да елең етті.

«Айбек сосын тағы кім? Бұл жаңа есім ғой? Мен ол жағдайды білмеймін. Барлық жағдайдан хабары барТұржановтан естіп жатырмыз», - деді судья Ахметқали Молдағалиев.

Судьяның сауалына айыпталушылар да, сотқа келушілерге де күлді. Жауап болған жоқ.

«Тұржанов сіз ұйымдасқан қылмыстық тортапды сіз қайдан білесіз?», - деді прокурор.

«Енді бәрі осы жерге келді. Мен осы қаланың тұрғынымын. Мен мына куәгер Еркетаевпен жеке таныспағаныммен, білемін. Соңғы 10-15 жылдың төңірегінде танимын. Мұнай ұрлығымен айналысатынын білемін.
Мен ешқашан мұнай ұрлығымен айналысқан емеспін. Ішімнен «Әй, ертең түседі ғой» деп ойлайтынмын. Бірақ ұрлаған бала емес, ұрламаған бала түсіп тұр. Айран үшкен құтылады, шелек жалаған тұтыладының кері келіп тұр. Сол шелекті жаламай да кетіп тұрмын», - деді сотталушы Тұржанов.

Материал ҚР құқықтық заңнамасына сәйкес қорғалған. Материалды көшіріп басу, тарату немесе өзге де мақсаттарға пайдалану үшін редакцияның рұқсатын алу керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1718190-kara-kajrat-pen-almas-trt-agajyndy-isine-kylmys-serkelerini-katysy-bar-ma/

pixel