Ойда жоқта сал ауруына шалдыққан бүлдіршіннің өлеңі елді жылатты (видео)
Жарияланған күні:
Ойда жоқта ойнап жүрген жерінен сал ауруына шалдыққан 12 жастағы Назерке елге жанайқайын жеткізді. "Хабар" арнасының "Қарекет" бағдарламасына анасымен бірге келген ол өз тағдыры туралы өлең оқып, елді жылатты деп хабарлайды NUR.KZ.
ОҚО Ордабасы ауданының тумасы Назерке 5 жасында ойда жоқта сал ауруына шалдыққан. Дәрігерлер оның жұлынына инфекция түсіп, сондықтан екі аяғы беліне дейін жұмыс істемей қалғанын айтады. Бүгінде тоқыма тоқып, іс тігетін Назерке болашақта дәрігер болуды армандайды. Ал оның эфирде ел алдында оқып берген өлеңі елді бей-жай қалдырмады. Оның өлеңін естіген көрермен көз жасын тоқтата алмады.
"Әр таңды атырамын үмітпенен,
Бәрі жақсы болады деп үміттенем.
Өмірдің ағымымен жүзіп келем,
Тағдырдың сынағы деп көніп келем.
Бұл бізге берілген сынақ шығар,
Түңіліп қапа болсам, сағым сынар.
Сұраймын бір Аладан денсаулықты,
Дұға қылшы аналар ақжаулықты.
Бұл өмір аямайды әлсіздерді,
Сол үшін болуы керек талпынысты.
Жанымдағы аяулы анам менің,
Әлпештеп аялайтын панам менің.
Әрқашан алған қарай жетелейтін,
Аман болшы, мықты болшы, анам менің.
Күш алып шабыттанам бұл өмірден
Арман еттім келуге осында мен.
Мен үшін қолын созған әрбір жанға,
Бас иіп, алғыс айтам шын жүректен", - деп өлең оқып берді Назерке.
Назеркені өлеңін оқыған студия қонақтарының барлығына дерлік көздеріне жас алды. Сирек кездесетін дертке шалдыққан бүлдіршіннің емін еліміздегі білікті медицина мамандары қолға алып, қолынан келгенін жасауға уәде берді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1718512-ojda-zokta-sal-auruyna-saldykkan-bldirsinni-lei-eldi-zylatty-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.