Алматылық әйел күйеуінің көңілдесінен қалай құтылғанын айтып берді
Жарияланған күні:
Жанерке қарапайым көлік жүргізушісі мен үй шаруасындағы әйелдің отбасында дүниеге келген қыз. Ол мектепті бітірген соң дәрігер болуды армандағанымен, әкесі қаржылық мәселелерге байланысты колледжге түсуін өтініпті.
Ол басқа қалаға оқуға түсіп, құрбысы өз ағасымен таныстырады деп жазады NUR.KZ.
"Мен бар уақытымды оқуға және жұмысқа арнайтынмын. Кейде біраз ақша жинап, үйге баратынмын. Жатақханада бір көрші қыз менің қарапайымдылығымды байқап, өзіне жеңге еткісі келетін.
Сонымен оның ағасы жатақханаға жиі келіп, біз кездесіп жүрдік. Жеті ай өткен соң ол пәтер жалдап, мені сонда шақырды. Тіпті ақ төсек жайып, менің қыздығымды тексергісі келген сияқты.
Неге екенін білмеймін, бірақ ол кезде қан өте аз шықты. Соның ертесіне маған үйленейік деп ұсыныс жасады. Мен жүкті болып, үш ай өткен соң үйлену тойын жасадық", - дейді Жанерке.
Айтуынша, оның енесі келінінің жағдайына көңілі толмаған екен. Ол баласына ауқатты отбасыдан қыз алып бергісі келіпті. Ал Жеңіс пен Жанерке ата-анасынан бөлек тұрып, көп ұзамай пәтер де сатып алады.
"Мен үнемі үйде отырдым. Ал жарым жұмыстан жиі кешігетін. Неге кеш келдің деп сұрасам, ол ашуланып, қызымыз екеуіміз үшін еңбектеніп жүргенін айтатын. Ал енем менің жұмыс істемейтінім үшін ашулана беретін.
Екі жыл өткен соң мен тағы да бала көтеріп, оны төртінші айда бір-ақ білдім. Күйеуім қатты ашуланып, менің ішімнен ұрды. Жасанды түсік жасат, баға алмаймын сендерді дегенді айтты.
Мен әбден жылап, түсік жасаттым. Менің ішімде егіз болған екен. Сонымен жағдайым тіпті нашарлап кетті. Бірде мен тура бетіммен жерге құлап қалдым.
Алдыңғы тістерімнің барлығы сынып, 25 жасымда кемпірге ұқсап қалдым. Оны қайта салдыруға ақша бермейтін. Бірнеше айдан соң оның басқа қызбен кездесіп жүргенін білдім. Енем бұл туралы біліп, әлгі қызды қолдап жүріпті.
Мен күйеуіме жалынышты болмас үшін жұмысқа тұрдым. Базардағы асханалардың бірінде еден мен ыдыс-аяқ жудым. Тістерімнің жоқтығынан қатты ұялатынмын. Солай жүргенде асханаға бір қыз жиі келетін болды.
Ол үнемі мені сөзге тартқысы келіп, сыртымнан күлетін, мазақ қылатын. Бірде құрбыларымен келіп ішіп, менің күйеуім сүйетін әйел екенін айтты. Егер онымен ажыраспасам, қалған тістерімді сындыратынын айтып қорқытты. Мен қанша ренжісем де, оған жаным ашитын. Себебі, күйеуім оны жақсы көрсе, ол бұлай маған келмес еді ғой", - дейді.
Алайда Жанерке ашуын сабырға жеңдіріп, күйеуіне ол туралы тіс жармапты. Тапқан табысына ол тіс салдырудың орнына дүкенді жалдап, ішіне тауар сатып алады.
Қазір Жанерке кәсіпкер әйел. Ол күйеуімен ажыраспай, қайта оған жұмысында қолдау көрсетіп жүр. Қалай болғанда да, әйел енді босанғысы келмейді екен. Себебі жарының бұрынғы егіздерге жасаған қиянаты есінен еш шықпайтын көрінеді.
NUR.KZ сайтында қалай пікір қалдыру керектігін мына жерден көре аласыз>
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1718757-almatylyk-jel-kjeuini-kildesinen-kalaj-ktylganyn-ajtyp-berdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.