Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық әншінің Атыраудағы концертіне бар-жоғы тоғыз адам келген (видео)

Опубликовано:

Танымал қазақ әншісі, ерекше дауыс иесі Бауыржан Исаевтің Атыраудағы концертіне бар-жоғы тоғыз-ақ адам келген. 20-21 ақпанда Атыраудағы Махамбет Өтемісұлы атындағы академиялық драма театрында болған концертіне адам жиналмаса да, белгілі әнші кешті тоқтатпай, азғантай көрерменнің алдында өнер көрсетті деп хабарлайды "Ақ Жайық" газетіне сілтеме жасаған NUR.KZ тілшісі.

Танымал қазақ әншісінің Атыраудағы концертіне бар-жоғы тоғыз адам келген (видео)
Фото: "Ақ Жайық" газеті: UGC

Оның келетіні жөнінде халыққа алдын ала хабарланбағандықтан, бірінші күні залда тек тоғыз ғана көрермен болған.

"Басталар уақытта залға адам жиналмаған соң, концерт өтпейтін шығар деп топшылап отырғанымызда әнші сахнаға шықты. «Не деген көпсіздер!» деп сөзін бастаған Бауыржан Исаев 1998 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданындағы концертінде небары үш адам жиналғанына қарамастан концерт өткізгенін есіне алды. «Оның қасында тоғыз адам әжептәуір ғой» деп әзілдеп те қойды. Жалпы, концерт бойы әнімен ғана емес, әзілімен де көрермен көңілін көтеріп отырды. Өзі туралы да айтты. 1979 жылы Шымкент облысында туған әнші кіші жүздің тама руынан екен. Бүгінде үш қыздың әкесі", - деп жазды басылым журналисі.

Әнші халық жиналмаған концерті туралы әңгіме қозғағысы келмеген. Есесіне ол өзінің шығармашылығы туралы ақпаратпен бөліскен. Сонымен бірге, ол өзінің продюсерсіз жұмыс істейтінін де жеткізген.

"Неге десеңіздер мінезім кішкене ауырлау. Әкімшілерге менімен жұмыс жасау кішкене қиындық тудырады. Сол себепті мен әкімшінің, ұйымдастырушылардың жұмыстарын өзім атқарамын", - деді әнші.

"Мен 2013 жылы Алматыда ең бірінші есеп беру концертімді қойғаннан кейін Астанаға көштім. Сонда қоныс аударғаныма бес жылдай болды. Астана ұнады, Астана мені жылы қабылдады. Болашақтың қаласы. Журналистердің жиі қоятын сұрағы сол – көрінбей кеттіңіз дейді. Мен бұл сұраққа жауап беруден шаршамаймын. Негізі уақытымың көбісі дәріс алу, тәжірибе жинаумен өтті. Шымкент қаласында музыка колледжінде оқыдым, одан кейін Алматы қаласында Құрманғазы атындағы консерваторияда, одан кейін аспирантурада оқыдым. Оның бәрі 10-12 жылға созылды. Бармын, сахнадамын. Тыңдармандарды, көрермендерді әлі де жақсы әндермен қуантамын деп ойлаймын", - дейді ол.

Бауыржан Исаевтың айтуынша, ол шығармашылығын шыңдау үшін көптеген ұсыныстардан бас тартуда.

Негізі ұсыныстар әлі күнге дейін келіп жатыр. Астана, Алматы, туған қалам Шымкенттен де опера театрларында жұмысқа шақырады. Бұл өте ауыр мамандық десем де болады. Сосын қазақ әншілерінің көбісі сері ғой. Сондықтан да бір орында отыра алмайды. Ал театрда отырғаннан кейін міндетті түрде күнде репетицияға бару керек, спектакльдерге қатысу керек. Байланып қаламын. Сондықтан да уақытымның көбісі сол жұмыспен кетіп қалады. Концерттеріме, іссапарларға шыға алмай қаламын. Сондықтан да өзімнің шығамшылығыммен айналысып, ұсыныстардан әзірше бас тартып отырмын.

Бұдан бөлек, әнші залда бір адам отырса да, он адам отырса да, өзінің жоспарлаған концертін өткізуге міндетті екенін айтты.

Бауыржан Исаев 1996 жылы «Азия Дауысы» халықаралық байқауында гран-при иегері атанып, 1997 жылы ақын Шөмішбай Сариевтың сөзіне жазылған композитор Төлеген Мұхамеджановтың «Аяулым» әнін орындап елге танылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1718787-otandyk-nsini-atyraudagy-koncertine-bar-zogy-togyz-adam-kelgen-video/

pixel