RU

Астанада түрмеден қашып кеткен аса қауіпті қылмыскер табылмай жатыр

Астанада тапа-тал түсте түрмеден қашып кеткен аса қауіпті қылмыскер осымен екінші күн табылмай жатыр. 36 жастағы Ерасыл Арғымбаев ұрлық жасап, қыз зорлап түрмеде бұрын да бірнеше рет отырып шыққан деп хабарлайды КТК телеарнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды
Көрнекі фото желіден алынды: UGC

Қылмыскер тергеу изоляторының қоршауынан күн жарықта секіріп кетіпті. Оларды бақылап тұрған сақшылар дәл сол сәтті қалай жіберіп алғаны беймәлім. Ал қашқынды құрықтау үшін полиция Астананың маңайын түгел торуылдап, көліктерді түгел тексеріп жатыр.

Айта кету керек, аса қаупіті деп танылған қылмыскер Қарағанды облысының тумасы, 36 жастағы Ерасыл Арғымбаев. Ол бұған дейін ұрлық жасап, қыз зорлағаны үшін бірнеше рет сотты болған. Бұл жолы да сұғанақтығы үшін ұсталыпты.

Оны іздеген тәртіп сақшылары іздеу жариялады. Үстінде сұр бушлят, қара тоқыма, қара шалбар, қара етігі бар. Одан бөлек, Астананың аумағына кіреберістегі полиция бекеттерінде көлік кептелісін қалыптастырып қойды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1718929-astanada-trmeden-kasyp-ketken-asa-kauipti-kylmysker-tabylmaj-zatyr/