Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үш қызды қаққан жүргізушінің анасы: Менің ұлым екінші Үсенов емес

Жарияланған күні:

Сотталған жүргізуші Болат Молдағалиевтің туыстары мәлімдеме жасап, жазаны жеңілдетуді сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Коллаж: nur.kz. Фото: sputniknews.kz, today.kz.
Коллаж: nur.kz. Фото: sputniknews.kz, today.kz.: UGC

Жүргізушінің анасы Мария Молдағалиеваның айтуынша, қоғамда Болат жайында біржақты теріс пікір қалыптасқан.

"Иә, менің ұлым кінәлі және оны мойындап отыр. Біз Рымхановтар отбасына көмегімізді ұсындық, бірақ олар бізбен кездескісі де келген жоқ. Рымханованың туыстары қолдарынан келгендерін аянып қалмады, анықтау бөлімінде берген жауабымды да бұрмалап таратып жіберді", — деді Молдағалиева.

Оның айтуынша, анықтау бөлімінде оған, неге екені белгісіз, зардап шеккен қыздың туыстарының лауазымдарын айта бастаған.

"Маған Әселдің ағасы бұрынғы "финполшы" екенін айтты. Мұның іске не қатысы бар екенін сұрадым. Сауда-өнеркәсіп палатасында атқарған қызметіме қатысты сұрай бастады. Мен ол кезде вице-президент болған едім.
"ҚазЭКСПО"-ның президентімін, бірақ мұның іске еш қатысы жоқ, бұл жекеменшік компания. Болатты "Үсенов-2" дейді, бірақ біз шенеунік емеспіз, жоғары мемлекеттік қызметте емеспіз", — дейді анасы.

Еске сала кетейік, 2017 жылдың 12 қарашасында "Керуен" СОСО аумағындағы көлік тұрағында Infinity жүргізушісі Болат Молдағалиев үш қызды қағып кеткен болатын.

Екеуі жеңіл-желпі жарақат алғанымен, 24 жастағы Әсел Рымханова ауыр хәлде ауруханаға жеткізіліп, бір аптадан соң ғана есін жиған.

Таяуда Есіл аудандық сотында жүргізушіге үкім шықты. 58-баптың 2-тармағына сәйкес сотталушыға түпкілікті жаза бір жылға бас бостандығынан айыру түрінде белгіленді. Сондай-ақ сот Молдағалиевті көлік айдау құқығынан үш жылға айырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1718956-s-kyzdy-kakkan-zrgizusini-anasy-meni-lym-ekinsi-senov-emes/