Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында орысша жер-су аттары қазақшалана бастады

Опубликовано:

Қостанай ауданына қарасты Глазунов ауылының және төрт көшенің атауын өзгерту туралы тұрғындар тарапынан жергілікті әкімдікке ұсыныс хат түскен деп жазады «Қостанай таңы» газеті.

Қостанай облысында орысша жер-су аттары қазақшалана бастады
Қостанай облысында орысша жер-су аттары қазақшалана бастады: UGC

Селолық округ әкімі Бауыржан Нұрғазиннің айтуынша, бұл ұсыныс хатқа 210 адам қол қойыпты.

Жиылғандар ұсынысты дауысқа салмас бұрын өз пікірлерін білдірген. Қолдаушылармен қатар, үйреншікті болып қалған атаулардың өзгеруін құптамайтындар да табылды.

Бірақ Бауыржан Нұрғазин хатқа қол қойғандар – 2015 жылы Семенов, Глазунов, Степной ауылдары тұрғындарынан құралған қауымдастық өкілдері мен қарапайым тұрғындар екенін айтты.

"Бұл қоғамдастықты құрушы да, мүшелерін тағайындаушы да тұрғындардың өздері. Олар төрт жылға тағайындалады. Міндеттеріне селолық округтің барлық бюджеттік бағдарламаларын және өзге де мәселелерін шешу кіреді. Бұл құрамға ЖШС директорлары, шаруа қожалықтарының басшылары, зейнеткерлер, өз-өзін жұмыспен қамтушылар кіреді. Олар атаудың өзгеруін жақтап дауыс берді", — деді Нұрғазин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1719121-kostanaj-oblysynda-oryssa-zer-su-attary-kazaksalana-bastady/

pixel