Сіз көрмей-ақ қойыңыз: Экс-сенатор атышулы "Қалаулымды" сынаған депутатқа жауап берді
Жарияланған күні:
"Евразия" бірінші телеарнасы бас директорының орынбасары, экс-сенатор Светлана Жалмағамбетова атышулы"Қалаулым" бағдарламасына қатысты айтылған сынға жауап берді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.
"Еуразия" бірінші арнасында көрсетілетін атышулы "Қалаулым" бағдарламасының жабылатыны туралы ақпарат желіде қызу талқыға түскен еді. Айнұр Тұрсынбаеваның бағдарламаның жабылатыны туралы айтып, сүйінші сұрағаны елдің назарын аударды.
"Нұр Отан" партиясы жанындағы "Мирас" республикалық кеңесінің отырысында талқыланған бағдарламаға қатысты дау туындады. Жиында "Қалаулымды" сынап тастаған зиялы қауым өкілдеріне экс-сенатор, телеарна бас директорының орынбасары Светлана Жалмағамбетова жауап берді.
"Қалаулым" бағдарламасына тоқталайын. Бақытгүл, (мәжіліс депутаты Хаменова – ред.ескерт.) сізге бағдарлама ұнамайды. Сіз көрмесеңіз, көрмей-ақ қойыңыз. Бұл басқа ток-шоулармен салыстырғанда рейтингісі ең жоғары бағдарлама. Бірде-бір телеарнада 3 сағат бойы көрерменнің назарын ұстап отыратын бағдарлама жоқ", — деді ол.
Жалмағамбетова рейтингісі жоғары "Қалаулым" бағдарламасында өте өзекті мәселелер қозғалатынын атап өтті.
"Бұл бағдарлама өте маңызды мәселелерді көтереді. Бүгінгі таңда, өкінішке қарай, елімізде тұрмыс құрмай, жалғыз қалған қыздар көп. Олар анда-мында баруға ұялады. Ал бұл мәселені біз тек тоқал алып қана шешу керекпіз бе? 21 ғасырда өмір сүре отыра, неге орта ғасырға шегінуіміз керек? Бұған қоса құрылыста, тағы басқа жерлерде жұмыс іздеп жүрген азаматтар көп, олар үйленуге уақыт таба алмай жүр. Сондықтан осондай азаматтар бағдарламаға келеді. Әлеуметтік желіде жаман пікірлер айтылып жатыр дейсіздер. Бірақ жақсы пікірлер де бар. Бізге көп хат түседі. Көрермендер хабарласып, "бағдарламаны неге Астанада түсірмейсіңдер? Біз де қатысайық" дейді. Ал енді бірі алғысын білдіріп жатады", - деді экс-сенатор.
Жалмағамбетова рейтинг үшін бастапқы кезде эфирден ыңғайсыз жағдайлар көрсетілгенін мойындады. Бірақ экс-сенатордың айтуынша, енді бағдарлама ретке келтіріліп, эфирдегі ұрыс-керістерді алып тастау үшін телеарна бар күшін салуда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1719363-siz-krmej-ak-kojyyz-eks-senator-atysuly-kalaulymdy-synagan-deputatka-zauap-berdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.