Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде 52 өзбек азаматы өртеніп кеткен жолда ас беріліп, құран оқылды

Опубликовано:

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының халқы 52 Өзбекстан азаматы қайтыс болған орында қан шығарып, құран оқытты. Жергілікті тұрғындар мен әлеуметтік желі қолданушылары қаралы жолда құран оқылу керектігін сұраған болатын деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Фото: aktobenews.kz
Фото: aktobenews.kz: UGC

Бүтін бір ауыл халқы автобуста жанып кеткен жандардың қазасына қайғырып, құран бағышатуды жөн көрген.

"Біз қазақпыз, көршілес ел қара жамылып қалған жағдай біздің де жанымызға батты. Оның үстіне оқиға біздің ауылдың тұсында болды. Сол жерде қан шығарып, ас беру туралы халық арасында да ұсыныс болды. Осы ойды кешегі жұмада жүзеге асырдық. Ауылдың халқы жиналып, имамдар құран оқыды. Екі малды құрбандыққа шалып, сол жерде қазан асылды. Марқұмдардың рухына дұға бағыштадық",-дейді Ырғыз селолық округінің әкімі Алтынбек Сарин.

Ас беру өрт оқиғасы болған Қалыбай ауданы тұсындағы жолаушылар тамақтану үшін тоқтайтын тұрақта ұйымдастырылған. Оған қатысқан жолаушылар қатарында Өзбекстан азаматтары да болды.

"Өтіп бара жатқан жолаушылар тоқтап ас ішті. Олардың арасында Өзбекстан елінің азаматтары да болды. Сондай-ақ автобуста қайтыс болған 30 азаматтың жерлестері де кездейсоқ келіп қалған. Өзбек азаматтар құран оқып, игі істі ұйымдастырған ауыл тұрғындарына алғыстарын айтып жатыр",-дейді ауыл әкімі.

Еске салсақ, 18 қаңтар күні Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Қалыбай ауылының тұсында қаралы оқиға тіркелген еді.

Онда 57 жолаушысы бар автобус бір сәтте жанып кетіп, 52 адам оқиға орнында қаза тапты. Марқұмдардың кейбірі әлі отбасын құрып үлгермеген жастар болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1719661-aktbede-52-zbek-azamaty-rtenip-ketken-zolda-as-berilip-kran-okyldy/

pixel