Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан бас бапкердің жалақысына 800 баланы қатерлі дерттен аман алып қалуға болады

Опубликовано:

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас баспкері Станимир Стойлов жылына 800 миллион теңге көлеміндегі жалақы алатын болып шықты деп хабарлайды Esil media-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сурет: Vesti.kz
Сурет: Vesti.kz: UGC

Басылым берген ақпаратқа сәйкес, аталған қаржыға еліміздегі 800-ге жуық оноклогиялық дертке шалдаққан балалардың өмірін сақтап қалуға болады екен.

Ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне Станимир Стойловтың келгені туралы ақпарат кеше ғана жарияланған еді. Бұған дейін, футболдан ел құрамасын ресейлік Александр Бородюк жаттықтарған-ды. Ол бұл қызметті бар-жоғы 1 жылға жуық уақыт қана атқарды. Ресейлік маманның бапкер болған уақытында, ұлттық құрама 7 кездесу өткізіп, оның 6-ын жеңіліспен аяқтаса, біреуінде қарсыластарымен тең түскен.

Ал, 51 жастағы Станимир Стойлов болса, бұған дейін елордалық «Астана» командасының бас бапкері қызметінде жүріп, құраманы алғаш рет Еуропа лигасаның 16/1 финалына шығарған еді.

Esil-media редакциясы жылына 2 млн еуро төлеп, бапкер жалдайтын жаттықтырушы керек пе деген сауалды желі қолданушыларына қойған. Желідегілер, аталған сұраққа «ақшаны желге шашқан», «футбол біздікі емес», «кім келсе де футболдан ұлттық құрама жақсы өнер көрсетпейді» деген сияқты пікірлер қалдырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1719709-futboldan-bas-bapkerdi-zalakysyna-800-balany-katerli-dertten-aman-alyp-kaluga-bolady/

pixel