Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ертегі елі: Елорданың «шынайы бейнесі» желіде қызу талқыға түсті (фото)

Опубликовано:

Астаналықтар бас шаһардың «шынайы» бет-бейнесін көрсетіп, көпшілікті күлкіге қарқ қылды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Астанаға қош келдіңіз: елорданың «шынайы бет-бейнесін» көрсеткен тұрғындар жұртты күлкіге қарқ қылды

«Астанаға қош келдіңіз!» деген тұрғындар ең әуелі, былтырғы жылы теміржол вокзалында орын алған оқыс оқиғаны еске салады.

Елорданың шынайы «бейнесін» көрсеткен тұрғындар желіде қызу талқыға түсті (фото)
Елорданың шынайы «бейнесін» көрсеткен тұрғындар желіде қызу талқыға түсті (фото): UGC

Ал егер елордада жалақысы жоғары жұмысқа тұрғыңыз келсе, «мархабат, такси жүргузішісі мен аула сыпырушы» болып қызметке тұра беріңіз.

Елорданың шынайы «бейнесін» көрсеткен тұрғындар желіде қызу талқыға түсті (фото)
Елорданың шынайы «бейнесін» көрсеткен тұрғындар желіде қызу талқыға түсті (фото): UGC

"Десе де, бұл жұмыcқа жете алмай жүргендердің өзі қаншама", - дейді астаналықтар.

Елорданың шынайы «бейнесін» көрсеткен тұрғындар желіде қызу талқыға түсті (фото)
Елорданың шынайы «бейнесін» көрсеткен тұрғындар желіде қызу талқыға түсті (фото): UGC

Сонымен бірге, астаналықтардың дені меммлекеттік бағдарламамен баспанаға қол жеткізетіні анық. Алайда, олардың көпшілігінің сапасы сын көтермейді.

Елорданың шынайы «бейнесін» көрсеткен тұрғындар желіде қызу талқыға түсті (фото)
Елорданың шынайы «бейнесін» көрсеткен тұрғындар желіде қызу талқыға түсті (фото): UGC

Сол сияқты қаладағы емханалардың жай-күйі де мүшкіл. Желідегі суретке сәйкес, онда сансыз көп кезек екенін аңғаруға болады.

Елорданың шынайы «бейнесін» көрсеткен тұрғындар желіде қызу талқыға түсті (фото)
Елорданың шынайы «бейнесін» көрсеткен тұрғындар желіде қызу талқыға түсті (фото): UGC

Ал жолдардың жағдайы айтпаса да түсінікті. Сырт көзге қала ішіндегі жолдар тақтайдай болып көрінгенімен, шын мәнісінде, шаһардың әр ауданынан мынадай көріністі байқап қалсаңыз таң қалмаңыз, бұл бас шаһар тұрғындары үшін – қалыпты жағдай.

Елорданың шынайы «бейнесін» көрсеткен тұрғындар желіде қызу талқыға түсті (фото)
Елорданың шынайы «бейнесін» көрсеткен тұрғындар желіде қызу талқыға түсті (фото): UGC

Елордаданың экологиялық жайы да да соңғы жылдары көңіл көншітерлік жағдайда емес. Астана аспанын, әсіресе, қыс уақытында мынадай көк түтін жаулап алатын болған.

Елорданың шынайы «бейнесін» көрсеткен тұрғындар желіде қызу талқыға түсті (фото)
Елорданың шынайы «бейнесін» көрсеткен тұрғындар желіде қызу талқыға түсті (фото): UGC

Десе де, қанша сын айтылғанымен, елордалықтар күні бүгінге дейін сүйікті қалаларына шаң жуытпайды.

Айтуларынша, «Астана әлемдегі – ең таза, әдемі қала» екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1719937-ertegi-eli-elordany-synajy-bejnesi-zelide-kyzu-talkyga-tsti-foto/

pixel