Тараз түрмесіндегі аузы тігілген азамат туралы мәліметтер белгілі болды
Жарияланған күні:
Тараздағы түрмеде аузын тігіп тастаған Қырғызстан азаматы 2016 жылы желтоқсанда аса ірі көлемде есірткі таратқаны үшін сотталып, 15 жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айырылған екен деп хабарлайды Sputik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.
Қырғызстан азаматы туралы мәліметтерді ІІМ қылмыстық-атқарушы жүйе комитетінің баспасөз қызметі растап отыр.
"ЖД-158/4 мекемесінде жазасын өтеп жүрген 1981 жылы туған азамат аузын аздап жарақаттаған. Оның себебі қыс кезінде жатқызылып, тұрақты түрде ем алып жүрген ауруханадан шығарылуына қарсылық білдіруі болды. Бұл дерек ақпаратты тіркеу кітабында жазылып, Тараз қаласының ІІБ-нен жедел-тергеу тобы шақырылған", — деп мәлімет берді ҚАЖК.
Алайда Тентемишевтің өзі түрме басшылығы тарапынан ұлттық кемсітушілік көргенін алға тартады. Қырғызстанның омбудсмен сайтындағы мәліметке қарағанда, сотталған азамат ІІІ топ мүгедегі екен.
"Көрші елдің бас прокуратурасы бұл ақпаратты теріске шығарды. Сотталған азамат мүгедек, бірақ бұл Қырғыз Республикасының азаматтығына байланысты тіркелмеген", — деп мәлімдеді баспасөз қызметі.
Қазір 37 жастағы ер адамның денсаулығы қанағаттандырарлық жағдайда.
ҚАЖК хабарлауынша, былтырғы жылдың басында бас прокуратура Тентемишевті отанына қайтару мүмкіндігін қарастыру үшін Қырғызстанға тиісті құжаттарды жолдаған.
Еске салсақ, Қазақстанның Тараз қаласындағы 158/4 қамау мекемесінде жазасын өтеп жатқан Қырғызстан азаматы Эркинбек Тентемишев аштық жариялап, наразылық ретінде аузын тігіп тастаған деген хабар тараған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1719976-taraz-trmesindegi-auzy-tigilgen-azamat-turaly-mlimetter-belgili-boldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.