Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астаналық бапкер өзінің Жозе Моуриньоға ұқсайтынын айтып мақтанды

Опубликовано:

"Астана" футбол клубының жаңадан тағайындалған бас бапкері Григорий Бабаян журналистермен сұхбаттасты. Алдағы жоспарларымен бөліскен ол өзінің сырт келбеті туралы айтуды да ұмытпады деп хабарлайды sportsffa.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Григорий Бабаян, фото: sportsffa.kz
Григорий Бабаян, фото: sportsffa.kz: UGC

Бабаян алдымен команданың бұрынғы бапкері Станимир Стойловтан ақыл-кеңес сұрамайтынын айтты.

- Станимирмен төрт жыл бірге жұмыс жасадық. Өте сәтті кезең болды деп ойлаймын. Өкінішке қарай, 1 наурыздан бастап жолымыз екіге айрылды. Ол ұлттық құрамада, мен «Астанада». Әлбетте, алдағы уақытта талай кездесіп, өзара емен-жарқын әңгімелесетін боламыз. Дегенмен, бас бапкер ретінде мен одан ақыл сұрамаймын. Енді командаға байланысты барлық шешімдерді өзім қабылдаймын. «Қайратпен» болған ойынның алдында да екі жаттығу өткіздік. Ол жаттығуларды да өзім басқардым. Ал Стойлов менен кеңес алып тұратын шығар. Өйткені, «Астанада» ұлттық құраманың ойыншылары өте көп, - деді Бабаян.

Сондай-ақ, бапкер өзін әйгілі футбол маманы Жозе Моуриньоға ұқсататындар көп екенін жоққа шығармады.

– Иә, маған да бұл жайлы айтқан. Бәлкім, ұқсастығымыз бар да шығар. Бірақ, мен үлкен футболға енді ғана қадам басқан маманмын. Әлі үйренерім өте көп. Бәрі де көрсеткіштеріме байланысты ғой, - дейді бас бапкер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1720221-astanalyk-bapker-zini-zoze-mourinoga-ksajtynyn-ajtyp-maktandy/

pixel