Әділет министрі: Парамен ұсталғандардың мәселесімен жеке өзім айналысамын
Опубликовано:
Қазақстанның Әділет министрі Марат Бекетаев Астана әділет департаментінде ұсталғандарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған NUR.KZ.
![Әділет министрі. Фото: parlam.kz Әділет министрі. Фото: parlam.kz](https://cdn.nur.kz/images/1120/pogudx40onpf48m1r.jpeg)
"Бұл өте аянышты. 2017 жылы мұндай жағдай болмап еді, күтпеген жерден осылай болды. Өте қатаң шаралар қолданылады. Өзім айналысамын, осындай жағдайға қалайша жол берілгенін анықтаймыз. Мен мына жаңалықтан түңіліп отырмын", - деді министр.
Еске сала кетейік, елордалық әділет департаменті басшысының орынбасары мен басқарма бастығы 22 миллион теңге мөлшерінде пара алды деген күдікпен ұсталған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1720486-dilet-ministri-paramen-stalgandardy-mselesimen-zeke-zim-ajnalysamyn/