Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да жүктілігін жасырған әйел баласын "даладан тауып алдым" деп әкелген

Опубликовано:

Шығыс Қазақстан облысында тұратын әйел баласын жасырын түрде босанып алған. Ол сәбиді далаға шығарып тастап, кейін ата-анасына оны тауып алғанын айтып, ішке кіргізген деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Pxhere.com
Фото: Pxhere.com: UGC

Жаңа туған нәресте ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның суықтап, тіпті үсік шалуына сәл ғана қалғанын айтады. Ал қазір оның өміріне төніп тұрған қауіп жоқ екен.

Баланы тауып алған кейіп танытқан әйел тәртіп сақшыларының тексерісі кезінде оны өзінің туғанын мойындапты. Енді қылмысқа басқа да адамдардың қатысы болды ма деп тергеуде.

Анасы нәрестеге бірнеше рет келіп сүт берген. Енді оны сауығып шыққан соң өзімен алып кетеді ме, жоқ па әлі белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1720516-sko-da-zktiligin-zasyrgan-jel-balasyn-daladan-tauyp-aldym-dep-kelgen/

pixel